25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Күнәлардың үлкені – ата-анаңа тіл тигізу

Күнәлардың үлкені – ата-анаңа тіл тигізу

Исламдағы отбасы
Жарнама

«Адам ата-анасына тіл тигізуі мүмкін бе?» – деп сұрайтын болсақ, көпшілік бұл сұрақты орынсыз көретіні белгілі. Бірақ адам баласы кейде байқамастан өз ата-анасын балағаттап қоюы мүмкін.

 Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір күні сахабаларына: 

- «Кісінің өз әке-шешесін балағаттауы – үлкен күнә», – деді. Сахабалар таң қалып:

- «Адам өз ата-анасын балағаттай ма екен?» – деп сұрады. 

- «Иә, кісі егер басқа адамның әкесін балағаттаса, әлгі адам да ашуланып оның әкесін балағаттайды. Біреудің анасын балағаттаса, ол да әлгі кісінің анасын балағаттайды»(1).

Демек, біреудің әке-шешесін балағаттаған адам шын мәнінде өзінің ата-анасын балағаттағандай болады. Ал бұл адамды үлкен күнәға батыратын жайт. Қазақта «аңдамай сөйлеген ауырмай өледі» деген ғибратты сөз бар, сондықтан бұған аса сақ болған жөн. Асылында бұл мүмінге жат қылық. 

«Олардың Алланың тысында табынатын тәңірілерін балағаттамаңдар, олар да надандықпен шамасына қарамастан Алланы балағаттамасын»(2) деген аятта айтылғандай мұсылманның міндеті басқаларды балағаттау, жекіру, бұза-жару, іріткі салу емес қайта қоғамда бұзылған жүйені жөндеу, адамдар арасын біріктіру болу керек. Қырып-жою, ұрсысу, жекіру – тіршіліктің сәнін кетіреді. Олай болса, жекірмей, балағаттамай, үнемі ізгіліктің нышаны ретінде жағымды нәрселерді ойлап, жанды жадыра- тар жақсылық жасауға талпыну керек. 

(1) Муслим. Иман. 146; Тирмизи. Бирр. 4.
(2) « Әнғам» сүресі, 108-аят. 

материал «Жұмақтың кілті жаныңда» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: