25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Түнде балалардың ерлі-зайыптылардың бөлмесінде қалғаны қаншалықты дұрыс?

Түнде балалардың ерлі-зайыптылардың бөлмесінде қалғаны қаншалықты дұрыс?

Исламдағы отбасы
Жарнама

Алла Тағала Құран Кәрімде былай деп бұйырады:

«Ей, иман еткендер! Құлдарың, күндерің және балиғатқа толмаған балаларың үш мезгілде сендердің үстеріңе рұқсатсыз кірмесін. (Ол үш уақыт): Таң намазы алдында, түс мезгілінде (демалу үшін) шешінгенде және түнгі намаздан соң. Бұл уақыттар сендердің абиырларың ашылып қалатын кез...» (Нұр сүресі, 58 аят). 

Ханбали мәзхабының ғалымы Ибн Құдама (м.1146-1223 ж.) бұл жайындай былай дейді: «Біреу көріп тұрғанда не біреуге естілетін жерлерде қатынасқа түсуге болмайды. Және адамдар арасында сүйісуге әрі аймаласуға да жол жоқ». Ибн Құдама: әл-Муғни – Китабуль уәлима. 

Ендеше, ұлы сөздің ұяты жоқ, ерлі-зайыптылар қосылар кезде оңашаланулары шарт. Оның үшін, есі кіріп қалған жас балаларды ләж болса бөлек жатқызғандары дұрыс. Жоғарыдағы аятта «әлі балиғатқа толмаған балалар» делініп тұр. Бұған 3-5 жас және одан жоғарғы жастағы балаларды атасақ болатын шығар. Неге десеңіз, 3-5 жас – балалардың көрген нәрсесін қайталап, анша-мұнша сырларды елге жайып салатын кезең.

Деректерде, сахаба Абдулла ибн Омар (р.а.) бесіктегі сәбидің өзін ондай сәтте бөлек бөлмеге апарып жатқызатындығы айтылады. Деседе, сахабаның ол әрекетін өзіне тән тақуалығы мен ұялшақтығына балаған. Ал, жалпы алғанда, бесіктегі немесе еңбектеп жүрген сәбилерді түнгі уақытта өздерімен бірге жатын бөлмеде қалдырудың ағаттығы болмас. 

Ең дұрысы – Аллаға мәлім! 

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: