25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Перғауын денесінің аман қалуы

Дін және ғылым
Жарнама

Алла Тағала перғауынды суға батырғанда, оны осы  ғасырдың адамдары  көріп, ғалымдарының таңғалысына айналсын деп оның денесін аман сақтаған. Таң қаларлығы перғауынның денесі алғашқы күйінен өзгермеген. Ал перғауынның денесін зерттеуге тағайындалған ғалымдар болса – «оның денесі су астында қалай бұзылмаған? ол теңіздің тереңінен жағаға қалай шықты? ол бұл күнге шейін қалай сақталып келген?» деген ғылыми түсіндіруге бағынбайтын сауалдарға жауап іздеумен болды. Ал Алла Тағала болса Құран Кәрімде бұл ақиқатты былай баяндайды:

فَالْيَوْمَ نُنَجِّيكَ بِبَدَنِكَ لِتَكُونَ لِمَنْ خَلْفَكَ آيَةً ۚ وَإِنَّ كَثِيرًا مِّنَ النَّاسِ عَنْ آيَاتِنَا لَغَافِلُونَ

«Сенен кейінгіге үлгі болуы үшін денеңді (жансыз түрде) құтқарамыз. Расында адамдардың көбі аяттарымыздан хабарсыз.» (Юнус 92)

         Сұрақ: ғайыптан болған бұл ақиқат жайында Пайғамбарымызға (с.а.с) хабар берген кім?

         Жауап: әрине ол–Алла Тағала.

 

(Материял Абдуддаим Кахилдің «Ал-Маусуъа ал-мусаууара фил-Құран ал-Карим уас-сунна Мутаххара» атты кітабынан алынды.)

(Аударған: Айбек Абдіқадір)

Бөлісу: