25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Құмырсқалар дыбыстық тербелістерге (толқындарға) ие

Дін және ғылым
Жарнама

Бір топ ғалым құмырсқалардың илеуінің ішіне кішігірім дауыс күшейткіштерді қойған. Ондағы мақсаттары илеудің ішінде құмырсқаларға басшылық жасайтын олардың патшайымының дауысын есту болған. Бұл ғалымдар ондағы дауыс толқындарын ести сала таң қалысты.

Себебі құмырсқалар патшайымдарының дауысын ести сала қозғалыстарын кілт тоқтатқан. Осылайша олар біраз сағат бойы еш қимыл жасамаған. Ал егер илеулеріне бөтен біреу жақындай қалса құмырсқалар оған бірден жабылып шабуыл жасаған. Ғалымдар құмырсқалардың бір-біріне жіберетін дыбыстық қорларының бұрынғы ойлағандарынан едәуір көп екенін айтуда. Илеудің ішіндегі бұл дыбыстардың түрлілігінен түрлі қимылдар туындайды. Сол себепті де Алла Тағала Құранда осы ақиқатты баяндап былай дейді:

حَتَّىٰإِ ذَا أَتَوْاعَلَىٰ وَادِ النَّمْلِ قَالَتْ نَمْلَةٌ يَا أَيُّهَا النَّمْلُ ادْخُلُوا مَسَاكِنَكُمْ لَا يَحْطِمَنَّكُمْ سُلَيْمَانُ وَجُنُودُهُ وَهُمْ لَا يَشْعُرُونَ

«Олар құмырсқалардың ойпатына келгендерінде, бір (ұрғашы) құмырсқа: “Әй құмырсқалар, илеулеріңе кіріңдер! Сүлеймен әскерлерімен сендерді жаншып кетпесін, олар (сендерді) сезбейді де,”– деді.» (Нәмл сүресі 18 аят)

 


(Материял Абдуддаим Кахилдің «Ал-Маусуъа ал-мусаууара фил-Құран ал-Карим уас-сунна Мутаххара» атты кітабынан алынды.)

(Аударған: Айбек Абдіқадір)

 

Бөлісу: