25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

"АЛЛА" дегенде денеде болатын өзгерістер

Дін және ғылым
Жарнама

Жаратушыны есіңізге алып: «Уа, Тәңірім! Уа, Алла тағала!»,- деген сәтте бойыңызда қандай өзгерістер болатынын білесізбе

Голландияның Амстердам университетінде жүргізілген зерттеулердің нәтижесі ғалымдарды таң қалдырдыАлла Тағаланы көп еске алу барысындағы: «Уа, Тәңірім!»,-деген сөз уайымды басып, қан қысымын қалпына келтіреді екен.

Ғалымдар мұндай қорытындыға жеті жыл бойы мұсылман және мұсылман емес ауруларға жүргізген зерттеулердің нәтижесінде көз жеткізген. Әсіресе «Уа, Тәңірім!» деген сөз депрессия мен уайымға ұшырағандарға жақсы көмектескен. 

Негізі ғалымдар зерттеу барысында науқастарға «Тәңір» деген сөзді араб тілінде айту шартын қоймаған. Науқастың барлығы бұл сөзді өз тілінде айтқан. Дегенмен, сол зерттеу барысында ғалымдар өзге сөзге қарағанда «الله» (Алла) сөзінің ерекше әсерін анықтаған. Себебі, «الله» (Алла) сөзіндегі бастапқы «а» әрпін айту барысында кеуденің үстінгі жағы әрекетке түсіп өкпенің аузы ашылады. Ал бұл өз кезегінде өкпеге ауа кедергісіз баруына ықпал етеді. Ал «الله» (Алла) сөзіндегі «Л» әрпін айтқанда тіл таңдайға тиіп демді бір мезетке тоқтатып, нәтижеде демді ретке келтіреді. Ал «الله» (Алла) сөзіндегі «һ» әрпі айтылғанда екі өкпені жүрекпен байланыстыратын тамыр әрекетке түсуінен жүректің соғуы қалпына келеді. 

Алла Тағала «Рағд» сүресінің 28-ші аятында: 

«Сондай иман келтіргендер, Алланы еске алу арқылы көңілдері жай тапқандар. Естеріңде болсын, Алланы еске алумен жүректер орнығады».

«Алланың Өзі де рас, сөзі де рас» деген осы болар!

 

 

«ummet.kz» рухани ақпараттық порталы

Бөлісу: