25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Құран Кәрімнің ғылыми жаңалықтардан хабар беруі

Дін және ғылым
Жарнама

Дактилоскопия

Саусақтарды зерттейтін білім саласы саусақ ұштарындағы бедерлердің өмір бойы өзгермейтінін, бір адамның саусақ ұшы бедерлері басқаларға ұқсамайтынын ортаға қойған. Сондықтан қауіпсіздік заң органдарында ең сенімді сипаттану саусақтағы бедерлер арқылы жасалуда.

Осы ақиқат ХІХ ғасырдың аяғына қарай табылып пайдаға аса бастаған. Құран кәрімде: «Адам баласы біз сүйектерді жинай алмайды деп ойлай ма? Әрине, жинаймыз, оны саусақтарының ұшына дейін әдемілеп, орын-орнына келтіріп қайта жасай аламыз», – деп, саусақ ұштарының осы ерекшелігіне талай ғасырлар бұрын назар аудартқан. Ешбір адамның беті басқасына ұқсамағанындай, саусақ ұштарындағы бедерлер де, толығымен өзгеше өрнектермен салынған. Осыншама кішкене әрі тар жерде осындай қайта-ланбастай өзгеше керемет өрнектердің салынуы шексіз бір құдырет пен ғылым иесі болған және ең үлкенінен кішісіне дейін оңайлықпен жаратып, бүкіл жара-тылғандарды кәміл бір тәртіпке бағындырған, өнерін жүргізген ұлы Заттың туындысы.

 

Терінің ғажайып жайы

Батыстың белгілі ғалымы Тайасон бұрыннан азапқа бай-ланысты зерттеулер жасап мынан-дай нәтижелерге жеткен: «Тері отта жанып, сезімі жоғалғанда қайтадан сол сезімді жандандыратын бір жағдай болуы керек. Яғни, азап тері үстінде болғандықтан тері жанып ішіндегі бұлшық ет бұзылады да істемей қалады. Осы жағдайда азап сезімі болмайды. Өйткені, ми басқаратын сезу жұмысын тері арқылы жүргізеді. Басқаша айтқанда, тері бұлшық ет өз міндетін атқаратын алаң деп есептеледі. Сондықтан тері жанып көмірдей қарайып кеткенде бұлшық еттер міндетін атқара алмайды. Жаңа бір тері кигізілуі керек. Сонда ғана азапты сезінетін жүйе қайтадан құрылады».
Осындай ғылыми табысқа жеткен Тайасонға төмендегі мына аяттар көрсетіледі:

«Негізінен ондай аяттары-мызға қарсы шыққандарды жедел тозаққа саламыз да, олардың терілері жанған сайын азапты тартулары үшін оны басқа теріге ауыстырамыз. Шексіз Алла тым үстем аса кемеңгер» («Ниса» сүресі, 56).

Сүттің кереметтілігі

Сүтті құраған элементтердің хайуан денесінде пайда болатын жер туралы Құран кәрімде берілген мәлімет қазіргі кездегі ғылыми табыстармен бірдей. Осы мәселеге байланысты мына аятта былай делінген: «Шын мәнінде, сендер үшін малдарда ғибрат бар, малдың қарнындағы қанымен жынның арасынан шыққан ішушілерге сүйкімді нағыз сүтті сендерге ішкіземіз» («Нахыл», 66). Аяттағы жын мен қан сөздері химияның және сіңдіру физиологиясының жеткен табыстарының арқасында қазіргі кезде енді ғана түсініліп отыр. Бұл мәліметтер ХХІ ғасырдың алдында ғана табылады. Ал қанның айналу жұмысын Құраннан 10 ғасырға жуық уақыттан кейін Харвей тапқан. Бұл жерде ана сүтіне байланысты бір ақиқат туралы сөз етілген Құран кәрімде: «Емізуді тоқтатқысы келген кісі үшін аналар балаларын толық екі жыл емізеді», «Біз адамзат баласына ата-анасына қарайласуды ұсынамыз. Өйткені, анасы қаншама қиыншылықтарды көре отырып оған жүкті болған. Омыраудан айыруда екі жылдан кейін болады» («Лұқман» сүресі, 14).

Аятта балалардың толық екі жыл емізілуі ұсынылады. Қазіргі замандағы дамыған медицина білімі де анасының баласын емізуі өзіне және баласының денсаулығына өте маңызды екендігін белгілеп қойған. Ана сүті Құдайы құдырет ағыстарына толы бір кәмілдік көрсетеді, онда баланың бүкіл өмірлік қажеттеріне жауап беретін витаминдер, гормондар, қорғаушы элементтер бар. Дамыған білім бойынша да, емізу уақыты толық екі жыл болуы керек. Өйткені, бауырдың қан жасауы себебінен жұмысы ауыр болып және мүшелер өсу кезеңінде болғандықтан ана сүтіне деген қажеттілік екі жылға жалғасады. Ислам заңы бойынша, балалық шақтың алғашқы екі жылы ішінде болған емізулерде сүт бауырлығы пайда болады. Ал екі жылдан кейінгі емізулер сүт бауырластығын іске асырмайды. Демек, екі жылдан кейін ана сүті өзіндегі негізгі ерекшеліктердің көбісін жоғалтады. Ана сүті баланың жатырда ортаға шығуымен бірге пайда болады. Бұл сүт баланың жаратылуымен бірге пайда болғандықтан соны емген басқа баланың мінез-құлығы, сипаты да сол жатырдан шыққан баланың мінезімен бірдей болады.

Әлемнің ең алғашқы заты не болғаны туралы көне замандардан бері бірталай ойлар, пікірлер айтылған, бірақ бұл мәселе осы кезге дейін нақты түрде анықталмаған. Сонда да ортаға қойылған пікірлер арқылы Құран кәрімнің бұл мәселеге қатысты ақиқатын және мұғжизасын өте жақсы түсінуге болады. Көркем аяттарда: «Әуелі көк пен жер бір тұтас еді ғой, біз екеуінің арасын ажыраттық, жанды мақұлық-тың барлығын судан жараттық, кәпірлер осыны қалай білмейді? Оған неге сенбейді» делінеді. («Әнбия» сүресі, 30), «Сонан соң аспанға бет бұрды бұл кезде аспан бұлыңғыр түтін ғана еді» («Фуссилат» сүресі, 11).

Қазіргі кездегі астрофизиктердің осы саладағы ой-пікірлері де жоғарыдағы аяттардың мазмұнына сәйкес. Профессор Иушили бір конференциясында жердегі және көктегі басқа заттардың пайда болуы туралы қазіргі заманымыздағы білім дүниесінің өте нақты табыстарға жеткенін айтып және осы заттардың тұрақты газ табы күйінде тұрған кезінде жарылудың нәтижесінде пайда болғанын түсіндірді. Құран осы жаратылу күйіндегі болмысты духан деп атаған еді. Өйткені сол кезге дейін білім газ табының жарылуының нәтижесінде белгілі бола бастаған жағдайда тұман сөзімен баяндаған. Алайда тұманда сұйықтық пен су сияқты ерекшеліктер болғандықтан тұ-ман сөзі осы ақиқатты түсіндіре алмайтын еді.
Құран кәрімде жердің домалақ екендігіне ишарат еткен бірталай көркем аят бар. Осылардың біреуінде:

«Алла түнді күндізге, күндізді де түнге айналдырады» («Зүмар» сүресі, 5). Жоғарыдағы аятта айтылған «юукауру» сөзі бас сияқты домалақ бір заттың айналасында бір нәрсені, мысалы сәлдені айналдырып орау сияқты «орау» мағынасына келеді. Өз осінің айналасында айналған жердің күнге қарайтын бөлімі жарық, яғни күндіз болады. Бірақ жер айналғандықтан жарық болған бөлімі үнемі күндіз болып тұра бермейді. Жер айналған сайын жарық болған бөлімі қараңғы, ал қараңғы болған бөлімдері жарық болады. Яғни айналу арқылы түн күндізге, ал күндіз түнге айналып отырады. Бұл жердің домалақ болғанына жарқын мысалы. Міне, аятта қолданған «юкауру» сөзі жер жүзінің шеті жоқ шар тәрізді домалақ болған әрі айналатынын баяндайды: «Ай мен күн белгіленген жағына қарай жылжып кете барады. Мұның өзі әрі үстем әрі дана Алланың алдын ала белгілеген ісі»;
«Айдың да тұрақтайтын орнын белгіледік, кәрі құрманың қураған бұтағындай болғанға дейін ол аспанды кезіп жүреді»;
«Күннің айды қуып жетуі, түннің күндізді басып озуы мүмкін емес, әрқайсысы өз орбитасында жүзеді де жүреді».

Ай мен күннің жағдайларына қатысты «Ясин» сүресінің 38, 39 және 40-аяттарында жоғары-дағыдай айтылған. Бұл жерде бір мәселеге назар аудару керек, негізі өзгертілген Таурат күн мен айды «жарықтар» деп атап, бірақ бұлардың біреуі «үлкен», екіншісі «кішкене» деп сипаттайды. Ал Құран кәрім күн мен айдың бір-бірінен айырмашылығы болғанын білдіреді және ерекшеліктері бір-бірінен бөлек жарықтар екендігін айқын түрде баяндайды.
«Ол құрлық және теңіздің қараңғылықтарында сол ар-қылы жол табуларың үшін жұл-дыздарды жаратқан, расында аяттарымызды білетін елге ашық түсіндірдік» («Әнғам» сүресі, 97).

Әлемдегі бүкіл заттарда Құдайы бір өнер және орналастыру бар. Араларында жол апаты сияқты ешбір соғысу болмайды. Әрекеттерінде бір сәттік кешігу немесе артық кету мүмкін емес. Үнемі бір қалыпта Құдайы бір деңгейде жалғаса береді. «Рахман» сүресінің 19-20-аяттарда, «Алла ащы және тұщы сулы екі теңізді бір-біріне араласып қосылмайтындай ағызып қояды. Араларында бөгет бар. Сондықтан бір-бірлеріне қосылмайды», – делінген. Америкалық теңіз зерттеуші маман, профессор доктор Хелли ұзақ уақытқа созылған ғылыми зерттеулердің нәтижесінде былай дейді: теңіз суларының арасында тартылған Құдайы бір құдірет пердесі бар. Осы перде қатар жатқан екі теңіздің бір-бірімен араласуына бөгет болғанымен, екі теңіздің суының бір-біріне өтуіне бөгет болмайды. Бірақ бұл ағысты әр жақтың суын, өтетін жақтың химиялық құрамына сай қылып келістіргеннен кейін жүзеге асырылады. Яғни осы перде ағуы қажет болғанды өткізетін, ал, қажет болмағанды өткізбейтін екі жақты сүзгіш сияқты. Өйткені, бүкіл теңіз және мұхит суларының ерекшеліктері әртүрлі. Температурасы мен тұздылығына қарай іштерінде өмір сүретін жәндіктердің айырмашылығына дейін әрбіреуі басқа бір әлемді баяндайды.

«Сондай пәк Алла барлық нәрсені жұп-жұбымен жаратты мейлі ол жердің өсірген нәрселерінен болсын, мейлі өздері өндірген және тағы білмегендерінен болсын» («Ясин» сүресі, 36).

Барлық жаратылғандардың жұп болып жаратылғандығын олардың біразының қазірге дейін білінгенін және де әлі білінбеген бірталайының бар екендігін хабарлайды. Расында, жанды әлем мен жансыз әлемде бір жағынан өте үлкен (макро), екінші жағынан өте кішкене (микро) жүйелерде «екілі құралдарының» немесе екілі функцияларының қызмет жүйесі бар екендігі қазіргі кезде ғана білініп отыр. Сондықтан Құранның білдірген ақиқаттары мен қазіргі білім арасында ешқандай қайшылық жоқ.

Қысқаша айтқанда, бір болу, яғни, жалғыздық тек қана Алла тағаланың ерекше сипаты болғандықтан, жансыздар, хайуанаттар, көкөністер, жын және адамзаттың барлығы жұп болып жаратылған. Мысалы, оң зарядты тоқтың теріс зарядты тоққа ағуымен жарық пайда болады. Оң зариятты бұлт теріс зарядты бұлытқа қосылады да, жаңбыр жауады. Бұл сүннетуллаһ, яғни Алланың ісі, Құдайы заң барлық жаратылғандарды қамтиды. Көркем аят өсімдіктердің де жұп-жұбымен жаратылғандықтарын білдіреді:

«Алла әр жеміс-жидектен және өздерінің ішінде екі-екіден жұп қылып жаратқан» («Рад» сүресі, 31) аяты осы мәселені анықтайды. Сондықтан барлық өсімдіктердің гүлдерінде аталығы мен аналығы бар. Аталығы мен аналығының тозаңдануымен жеміс-жидектер пайда болады. Осы ұрықтандыру желдің арқасында болады. Білім осы кезде ғана жете алған осы ақиқат хабарын Құран кәрім он төрт ғасыр бұрын білдіріп қойған. Бұл туралы Құранда: «Біз желдерді егуші қылып жараттық», – дейді («Хижр» сүресі, 22).

Бақытжан ӨТКЕЛБАЕВ,
«Әзірет Сұлтан» 
мешітінің наиб имамы,
Астана қаласы

Бөлісу: