25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қыз баланың ілім талап етуі турасында ғалымдар не деген?

Қыз баланың ілім талап етуі турасында ғалымдар не деген?

Дін және ғылым
Жарнама

Хафиз ибн әл-Джәузий «Ахкаму ниса» кітабында былай дейді:

«Әйел – ер кісі секілді мукалляф (ақыл-есі дұрыс, балиғат жасқа толған адам), сондықтан діни парыздарының дұрыс орындап жүргеніне сенімді болуы үшін шариғат нені міндеттейтіні жайлы білім алуы керек. Егер әйелдің оған дінді үйрете алатын әкесі, күйеуі, ағасы немесе жақын туысы (маxрам) болса, бұл оған жеткілікті. Егер дінді үйрете алатын жақыны болмаса, ол ұстаз іздеуі қажет. Егер ол ұстаздық ете алатын әйелді тапса, сол әйелден үйренгені дұрыс. Ал егер ондай әйел болмаса, қарт кісіден сабақ алуына болады, бірақ онымен жеке қала алмайды, бұл жағдайда ол ең аз біліммен шектелуіне тура келеді. Ал егер оның дініне байланысты сұрағы болса, онда білетін кісіден сұрауға ұялмауы тиіс.»

Имам Хаким Найшапури өзінің бір сөзінде былай деп айтады:

«Дініміздің 1/4 бөлігі Алла Елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сөздерін жеткізген хадис жеткізуші мұсылман әйелдерге байланысты. Егер бұл риуаят етушілер болмаса, біз дініміздің төрттен бір бөлігін жоғалтқан болар едік!»

Ал шейх Али Тантауи болса (рахимаһуллаһ), әйел адамды жоғары дәрежеге жете алмайды деушілерге өзінің (муаллимату ар-риджаль») кітабында:

«Шынында, әйелдер ер адамдарға қарағанда білімді бола алады, тіпті оларды оқыта алады! Әйелдер ерлерге қарағанда батыл бола алады және олар үшін үлгі бола алады. Олар саясаткер, жауынгер бола алады және өзінен кейін жылдан жылға тарих беттерінде де сақталып қала алады...» - деп жауап берген. Сонымен қатар, Айша (радиаллаһу әнһа) туралы жазғанда, оны «муаллимату ар-рижаль» (ерлердің ұстазы) деп атаған. Не деген құрмет!

«Мен адамдарға айтамын: Алла Тағала қыздарға белгілі бір қабілеттер мен талант берді. Егер сіз оларды дамыта алмасаңыз, егер олардың білім алуына және рухани дамуына мүмкіндік болмаса, онда бұл оларды тірідей көмуге ұқсайды.» Бұл сөздерді ислам тарихындағы әйел ғалымдар туралы өте көп зерттеген – шейх Мухаммад Акрам айтқан болатын.

Ілім алмауға тағы сылтауыңыз бар ма?

Онда Мухаммад Аслямның мына насихатын еске алыңыз: «мен Сирияда болғанда Шамның мухаддис ғалымы Шейх Нур ад-Дин 28 қызға сабақ берді, олар Сахих әл-Бухари мен Сахих Муслимді таңқаларлық деңгейде жаттап алған. Ұстаздар былай дейді: Біздің әйелдер – бұл діннің жаны. Олар үмметтің 50% құрайды, ал қалған 50% туғаннан бастап өсіріп тәрбиелейді, сондықтан білімге деген қажеттіліктерін міндетті түрде толықтырсын. Біз оған көз жұмып қарап отырмауымыз қажет!»

Айша анамыз (радиаллаһу әнһа) білімге құштар аңсарлық әйел сахабалар туралы:

«Аңсар әйелдері неткен керемет! Олардың ұяты білім алударына еш кедергі етпеді», - деген еді. Мұсылман әйел үшін ұят деген – Раббысымен надан күйінде кездесуі. Дінді қорғап қалу үшін білім алу керек екенін түсінген сахаба әйелдер жалған ұялшақтықтан сақ болған. Ал қазір көп әйелдер өздерінің жалқау хәлін ұятқа балап, өз-өзін алдап жүр...

Ақиқатқа тура қарап, өзімізге қажетті ілімді ізденетін кез келген секілді?!

«Ей, жамылғысы намысының пердесіндей болып тұрған мұсылман әйел! Сенің жүзіңдегі нұр – иман шамшырағымыздың әшекейі. Жаратылысыңдағы кіршіксіз тазалық – Хақтың бізге сыйлаған рақымы. Балапанымыз сүттен шыға салысымен, оған алғаш рет таухид кәлимасын үйрететін – сенсің... Үмметтің аманатын қорғап отырған қорғаушы – сенсің. Хазіреті Фатима (радиаллаһу әнһа) сен үшін өнеге. Одан көзіңді де, көңіліңді де айырма. Сенің де ағашың Хусейндей жеміс берсін!»

материал «Әйел және ілім» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: