01
Жұма,
Қараша

һижри

Ислам ғылымының Батыс арқылы әлемге таралуы

Ислам ғылымының Батыс арқылы әлемге таралуы

Дін және ғылым
Жарнама

Ислам мәдениетіндегі мемлекеттер Батыс мәдениетінің шекараларын Әмәуилер, Аббаситтер мен Осман империясының шарықтау кезеңдерінде өздеріне қосып алуға тырысқан, бұл жаулап алу әрекеті, әсіресе, түріктердің Исламды қабылдауларынан кейін өрши түсті. Анадолының басып алынуынан кейін крестшілер жорықтарының себебімен және мұсылман түріктердің Батыс елдеріне жасаған шабуылдарының нәтижесінде Ислам мәдениеті мен Батыс мәдениеті бетпе-бет кездесті.

Фараби, Ибн Сина, Ғазали сияқты Ислам философтарының және Аристотельдің шығармаларын Еуропа, латын тілдеріне аудару еңбегімен қатар, Батыс әлемі өзге ғылымдармен де шұғылдану керектігін байқады. Тіпті университеттерінде де ХІІ ғасырдың соңғы жылдарынан бастап медицина сабақтарының тақырыптарын Ибн Синаның «Канон» және Ибн Рушдтің медицина жайындағы еңбектерінен алды.

Римдіктер және олардың ізбасарлары болып табылатын византиялықтар Шығыс культурасының Батысқа  Ислам ғылымы мен мәдениетінің әлемге таралуы өтуіне себепкер болды. Ислам дінінің келуінен бастап Батыс әлемі Шығыс культурасын Ислам мәдениеті арқылы алуға және жаюға мәжбүр болды. Ескі Шығыс мәдениетінің және антикалық (ежелгі) дәуір ғылымдарының Батысқа өтуіне мұсылмандар себепші болған. Ежелгі замандарда шыққан ғылымдарды сол елдерге барып үйренген мұсылмандар, бұл ғылымдарға көптеген өз үлестерін қосып Батысқа жеткізген.

Ислам мәдениетінің Батысқа келуінің бірнеше жолдары бар:

1. Орта ғасырда Ислам мәдениеті Еуропаға Испания арқылы алғаш қадам басты. Экономикалық және культуралық өркендеу, қысқа уақытта Еуропа өлкелеріне өз әсерін тигізді. 711-жылы Испанияның мұсылмандар тарапынан басып алынуынан кейін 755-жылға дейін Сириядағы халифалық орталығы тарапынан басқарылды. 715-жылы ІІІ Абдуррахман Куртубаның бостандығын жариялады. Куртуба ІІІ Абдуррахман дәуірінің соңына дейін (912-961) ислами тәрбие, өнер және ғылымдармен Еуропаны қамтамасыз етіп отырды. Ол дәуірде тіпті еуропалық профессорлардың өзі Куртубада тәжірибе жинап, емтихан тапсыратын еді.

2. Ислам мәдениетінің Батысқа әсер етуінің екінші жолы Сицилия арқылы болды. Мұсылмандар христиандардың білім үйренгісі келген адамдарына медреселерде сабақ алып, білімдерін жоғарылатуларына жәрдем ететін еді. Ислам мемлекетіне ғылым үйрену мақсатымен келген христиандар да Ислам мәдениетінің дәстүрлері мен ғылымдарын жалғастырушылар қатарына қосылды.  Ресми тіл ретінде араб тілі қолданылды. Тіпті дипломдарының бір бөлімі арабша толтырылды. Қысқаша айтар болсақ, Х ғ. Сицилия мен Нормандияның басқару жүйесінде ислами дәстүр бар еді.

3. Ислам мәдениетінің Еуропаға келуінің үшінші және ең маңызды жолы тарихта крестшілер жорықтары арқылы болған. Бұл жорықтар шіркеулер тарапынан Исламның сол кездегі билігін, күшін жойып, әлсіретіп, христиандықты жоғары ұстау мақсатында ұйымдастырылған. Олардың жорықтары мұсылман түріктердің және арабтардың қарсы тұруларымен тоқтатылған. Бірнеше рет қайталанған крестшілер жорықтары еуропалықтардың Ислам өлкелерімен қарым-қатынас жасауына себеп болды.

Бұл жорықтардан отандарына аман-есен оралғандар, мұсылман түріктердің имандарын, басшыларына деген құрметтерін, тазалықтарын, жомарттық пен дұрыстықтарын ауыз толтыра мақтап жеткізе алмайтын еді. Крестшілер жорықтары кезінде Еуропа ұйымдастырылған мемлекет ретінде емес еді. Осы жорық барысында мұсылмандардан мемлекетті қалай ұйымдастыру керектігін үйренген. Құдыста тек қана жарты ғасыр өмір сүрген еуропалықтар мыңдаған мұсылмандарды шейіт етті. Бұлар тек біраз жылдар өткеннен кейін мұсылмандарға еліктей бастады. Мұсылмандардың шығармаларын аудара бастады. Бұл шығармалардың көбі Ислам мемлекеттерінің мәдениеті мен тұрмысын әңгімелейтін шығармалар еді. «Константинополь» және «Адлер» деген шығармалар Ислам халифалығы туралы әңгімелейді. Ибн Синаның «Китабун-Нәфс» және «Шифа» атты шығармалары Иеханның аударуымен Еуропаға ұсынылады. Фараби  және Ғазали сияқты философ әрі ғылым адамдарының еңбектерін зерттей бастады.

4. Италияның порттық қалалары арқылы, солтүстік Еуропаға Венеция, Генуя және осы сияқты порттық қалалар арқылы келіп жатты.

5. Ғылым саласында түрік әлемінің Батысқа әсер етулерінің ХІІ ғ. басталғандығын айтуға болады. Мысалы, Ғазали, Ибн Сина және Фарабиден басқа дәрігер Разидің әртүрлі ауруларға қарсы қолданған дәрілері медицина тарихында белгілі. Осман империясының үстемдігі ұзақ уақытқа дейін жалғасты. Бұл үстемдіктің айқын дәлелі балқандықтардың тіліне енген түрікше сөздер және түрік тіліндегі словияндық терминдер еді. Мұсылмандар билік жүргізген елдерде әрқашан да бейбітшілік орнап, дінге ерік берілгені және халықтың мұң-мұқтажы ескеріліп, өмір сүргендігіне тарихи деректер мол. Бұған Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.а.с.) Ислам әлеміне қосылған жерлердегі халықтармен қарым-қатынасы айқын мысал бола алады. Құран мен Алла елшісінің жолынан таймаған мұсылман билеушілері өздері құрған қоғамның тыныштығы мен әділеттілігін қамтамасыз етіп, діни сенімге адалдық танытып, мұның өзі кейінгі ұрпақтарға үлгі болып қалды.

Мұсылмандар, христиандар мен еврейлер ешқандай қақтығыс-соғысты көрмей қатар өмір сүрген мұсылмандардың биліктерін мойындаған. Палестина мен Иерусалим жеріндегі тұрақтылық пен діни сенім бостандығы бұған бұлтартпастай айқын мысал. Исламның 1400 жыл бойы Иерусалим мен Палестина жерінде бейбітшілік кепілі болып тұрғаны талассыз тарихи факт. Иерусалим біздің дәуіріміздің 71 жылына дейін еврей патшаларының астанасы болған. Бірақ осы жолы Рим әскерлері үлкен жорыққа шығып, еврейлерді талқандады. Халықты аяусыз қырды. Бейбіт халық қоныстарынан қуылды. Еврейлер үшін диаспора дәуірі, міне, осы кезден басталды, ал Иерусалим мен оның төңірегі иесіз бос үйіндіге айналды. Рим империясы император Константиннің тұсында христиандықты қабылдағаннан кейін ғана Иерусалим қайта назарға ілігіп, құрметке ие бола бастады. Римдік христиандар қалада шіркеу салып, бұл жерлерге еврейлердің қоныстануына рұқсат етті. Біздің дәуіріміздің VII ғасырында Палестина Шығыс Рим (Византия) империясының құрамында болды. Біршама уақыттан кейін бұл территорияны парсылар жаулап алды. Бірақ көп кешікпей Византия Палестинада өз үстемдігін қайта орнатты. Палестина тарихындағы жаңа кезең бұл жерлерге 637-жылы араб халифатының әскерлерімұсылмандардың енуімен басталды. Нақ осы оқиғадан соң ғасырлар бойы толассыз соғыс пен билеушілердің қатыгездігі, бейбіт халықты қуғындау, бір діннің екінші бір дінге үстемдігімен алма-кезек ауытқулардан мезі болған Палестина жерінде енді діни сенім бостандығы мен өркендеу дәуірі басталды.

Палестинаға Мұхаммед пайғамбардан (с.а.с.) кейінгі екінші халифа болған Омардың (р.а.) әскерлері кіреді. Қалаға келген Омар Фаруқ (р.а.) Палестинаны мекендеген барлық этникалық және діни топтарға жылы ықылас танытып, құрметпен қарады. Бұл Палестина жұртшылығы арасындағы дін еріктігі мен өзара сыйластық дәстүрінің басы еді.

материал «Ислам және ғылым» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: