25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Назиғат сүресі [6 – 10 аяттар]

Бір аят тәпсірі
Жарнама

6

يَوْمَ تَرْجُفُ الرَّاجِفَةُ

Ол күні сілкінуші сілкінеді.

  Бірінші рет сүр үрленген кезде барлық тіршілік қырылып, жер сілкініп, таулар қирайды.

7

تَتْبَعُهَا الرَّادِفَةُ

Оның артынан ілесіп тағы бір сілкінеді.

Екінші рет сүр үрленген кезде барлық тіршілік қайта тіріліп, қабірден шыға бастайды. Бірінші сүр үрленгенде Алла Тағаланың қалауымен барлығы өледі, екінші рет үрленгенде Алла Тағаланың қалауымен Алла Тағаланың қалауымен қайта тіріледі.

8

قُلُوبٌ يَوْمَئِذٍ وَاجِفَةٌ

Ол күні жүректер тітірейді.

Қиямет күні кәпірлердің жүрегі қорқыныштан қатты дірілдеп, шошиды.

9

أَبْصَارُهَا خَاشِعَةٌ

Ал, көздері болса қорлана төмен қарайды.

Сол жүрегі қорыққан кәпірлер өздері көрген жан түршігерлік жағдайдан көздерінде қорлық пен үрей пайда болады.

10

يَقُولُونَ أَإِنَّا لَمَرْدُودُونَ فِي الْحَافِرَةِ

Олар (сенбеушілер): «шын, біз қайта кері қайтарыламыз ба?»

Сенбеушілер дүниеде жүргенде мазақ етіп: «Өлген соң қайта тірілеміз бе, алғашқы қалпымызға қайта кіреміз бе?»–деуші еді.

Бөлісу: