27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Тығырықтан шығар екі жол

Ғибратнама
Жарнама

Тумай жатып, баласынан безген безбүйрек көбейді бүгінде. Оның себебін әркім әр нәрседен іздеуде. Мұның ең үлкен себептерінің бірі – жаппай жасалып жатқан жарнаманың жемісі. «Пәлен жерде шараныны тастап кетіпті» деген ақпаратты әлеуметтік желі арқылы, тілшілер арнайы телеарналардан таратып жатады. Біз, осылайша, баласынан қалай құтылуды үйретіп, өзіміз көрсетіп беріп жатырмыз.

Естеріңізде болса, мұнан бұрын қит еткен қиындықта өзін-өзі өртеуді үйреттік. Сол себепті, телеарналардың өзі осындай хабарларды ашық түрде көрсете бермегені абзал. Халық та көргенінің барлығын интернетке салуға асықпай, құзырлы органдарға тапсырсын. Әрине, қажет болса.

Құранда «Зинаға жоламаңдар» деген. Байқасаңыздар, «Зина жасамаңдар» деп тұрған жоқ, «жоламаңдар» деп бұйыруда. Демек, зинаға апаратын барлық арсыз әрекеттерден (қолынан ұстау, жеке қалу, т.б.) тыйған.

Ал, енді ұл-қыздарымызды осындай әрекеттерден тия алдық па? 

Сондықтан, тығырықтан шығаратын екі ұсыныс:

1. Зинаға апаратын арсыз әрекеттерден ұл-қызымызды аулақ ұстайық!

2. Жаман істің жарнамасын жарыса жасамайық!

Төлеби ОСПАН,

 UMMET.KZ

 

Бөлісу: