27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Тотықұстың «кәлимасы»

Ғибратнама
Жарнама

Бұрынғы замандарда бір ғұламаның тотықұсы болған екен. Тотықұсына "лә илаһа иллАлла" деп айтуды үйретіпті. Тотықұсы күніне мыңнан астам рет "лә илаһа иллАлла" деп айтады болыпты. Уақыт өтіп, тотықұсы "ғыр-ғыр" деп өліп қалады. Сонда ғұлама көз жасына ерік беріп, егілік жылаған екен.

Шәкірттері келіп, «Ұстаз, неге сонша жыладыңыз, туғандарыңыз қайтыс болғанда бұлай жыламадыңыз ғой. Базарға барып тағы тотықұс алып, қайта үйрете саласыз ғой» депті.

Сонда ғұлама «Бұл тотықұс өлгеніне жылап жатқан жоқпын. Тотықұс күніне мыңнан астам кәлима айтатын, алайда жүрегіне жетпей, өлерінде тек "ғыр-ғыр" деп қалды. Ал біз болсақ күніне 100 рет айтпаймыз, өлерімізде осы сөзді айта аламыз ба, соны ойлап жылап отырмын» деген екен.

Бөлісу: