27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Кедейдің байлығы

Ғибратнама
Жарнама

Бір адам өзінің кедейлігіне налып, өзінің жоқшылықтан әбден жүдеп-жадағанын айтып, қамығыпты.

Сонда бір парасат иесі оған: «Сенің көзіңнің көр болмай, сау болғаны жақсы ма, жүз мың теңгеңнің болғаны жақсы ма?» депті. Ол: «Әрине, көзімнің сау болғаны жақсы, көздің көр болып, қолда ақша болғаннан не пайда?!» депті. Әлгі кісі: «Сенің екі қол, екі аяғың кесілген болып, екі жүз мың теңгеңнің болғаны жақсы ма?» депті. Ол: «Жоқ» депті. Әлгі кісі: «Сен жынды болып, көп ақшаңның болғаны жақсы ма?» дейді. Ол: «Жоқ» дейді. Сонда әлгі парасатты кісі: «Жаратқан Иең ақшадан артық денсаулық берген екен, соған шүкір демейсің бе?» деген екен.

Бөлісу: