25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қоғам мүлкі осылай қорғалады

Ғибратнама
Жарнама

Халифа болып тұрған кезінде Хазірет Әли бір күні түнде іс қарап отырады. Осы кезде біреу жеке шаруасымен оның алдына кіріп, шаруасын айта бастайды.

Хазірет Әли шапшаң орнынан тұрып, сол жерде жанып тұрған май шамды өшіріп басқа шам жағады. Бұдан ештеңе түсінбеген қонақ:

– Май шамды неге ауыстырдыңыз? – деп сұрайды. Хазірет Әли оған былай деп жауап береді.

– Сөндірген май шам мемлекеттікі. Сенімен жеке шаруа жайында сөйлесу үшін мемлекеттің мүлкін қолдануға құқығым жоқ. Сондықтан оны сөндірдім, өз ақшама алған май шамды жақтым.

Міне, көріп отырғанымыздай, бұрынғы кемеңгер жандар мемлекет мүлкін осылай қорғаған.

Хайбар қамалы алынған күні сахабалар келіп:

– Пәленше шейіт болды, түгенше шейіт болды, – дейді. Бір адамның жанынан өтіп бара жатқанда:

– Мына кісі де шейіт, – дейді . Сол кезде пайғамбарымыз:

Жоқ, мен оны қоғам мүлкінен ұрлаған сырт киімімен немесе күртесіне оранған күйде жәһаннамда көрдім” – дейді.

Көріп отырғанымыздай, мемлекеттің мүлкін ұрлаған жан шейіт болғанымен жәһаннамнан құтыла алмаған.

материал «Негізгі діни мағлұматтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: