26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Ұялмасақ та болады екен

Ғибратнама
Жарнама

Мәруани патшасы Уәлид досы Абдулламен шахмат ойнап отырғанда есіктегі күзетші келіп: «Мырзам, діндар бір кісі келіп тұр, сізге жолыққысы келеді» дейді. Діндар дегенге патша дереу шахматты тығып, қонақты ішке қабылдайды.

 

Келген кісінің басындағы дағарадай сәлдесі мен иегіндегі сақалы оған аса тақуа адамның кейпін беріп тұр еді. Қонақ «Соғыстан келе жатыр едім, сізге сәлем бере кетейін дедім» дейді. Уәлид патша мен келген кісінің арасында мынандай әңгіме жүріпті. Патша сұрақ қоя бастапты:

– Құранды жатқа білесің бе?

– Жоқ.

– Жаттаған хадистерің бар ма?

– Жоқ.

– Қандай да бір білімпаздардың ойлы сөздерін, немесе әйгілі ақындардың өлеңдерінен білесің бе?

– Бұл тақырыптарға еш қызыққан емеспін.

– Хикметті сөз я оқиға айта аласың ба?

– Оларға да еш көңіл бөлген емеспін.

Уәлид қонақтың бұл жауаптарын естігенде, жанындағы досына былай депті:

«Абдулла, кел, бағанағы шахмат ойынымызды аяқтайық. Келген бұл кісіден ұялатындай ештеңе жоқ екен».

Бөлісу: