25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) мәзһаб ұстанған ба?

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) мәзһаб ұстанған ба?

Ақида
Жарнама

Мәзһабсыздар не болмаса дінсіздер мұсылмандарды жаңылдыру мақсатында осындай қитұрқы сұрақ қояды. Сұрақтың бар мақсаты – мұсылмандарды сүріндіру һәм шатастыру.

Сауалға «Пайғамбарымыздың мәзһабы жоқ» деп жауап берілсе, сұраушы тарап: «Олай болса, мәзһаб деген қайдан шықты?» - деп, көпшіліктің миын ашытатын тағы бір сұрақтың басын қылтитады. Егер: «Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) ханифи, шафиғи не болмаса мәлики, ханбали мәзһабын ұстанатын»сдеп жауап берілсе, әлгі арандатушы: «Пайғамбарды белгілі бір мәзһабқа жатқызу түбірімен қате» деп төбесі көкке екі елі ғана жетпей масайрайды. Ал үнсіз қалған жағдайда, бұл мәселеде өзінен жеңілгенін және оның пікірін мақұлдау керек екенін айтып, тағы да көкірек қағады.

Бірінші мысал: Бір бұлақ бастауын көзіңізге елестетіңізші. Сол бұлақтың суы төрт арыққа ағып жатыр.төрт арықтағы су төрт түсті болсын; көк, қызыл, сары, жасыл. Бұлақтың суы арықтарға аққанда, әр арыққа бір түстегі су ағып жатыр. Судың көк түсі бір арыққа, қызыл түсі бір арыққа, сары түсі бір арыққа және жасыл түсі де бір арыққа ағып жатыр делік.

Бұлақтың басында тұрып, бұл төрт түрлі суды көріп тұрған кісіден: «Бұл бұлақтан аққан судың түсі қандай?» деп сұрасаңыз, не деп жауап берер еді.

«Сары» десе, бұлақтан аққан суы сары емес, «қызыл» десе, қызыл емес, «жасыл» десе, жасыл емес, «көк» десе, көк те емес. Жауап берілмесе, сұрақ сұраушы: «Жауабын айта алмады» деп мәз-майрам болатыны белгілі.

Мұндай жағдайда, сауалшыға былай деп жауап береміз. Әлбетте, біздің бұл жауабымыз хақ: бұлақтан аққан судың түсі сары да, қызыл да, жасыл да, көк те емес. Мүмкін, бұл бұлақ көзінен аққан судың түсі барлық түсті бойына сіңірген, ешқандай түске ұқсамайтын, барлық түсті өз бойында қамтыған бір әр алуан түс. Әр арық өз қабілетіне қарай бұлақтың бір түсін бойына сіңіріп, ағып жатыр.

Мінеки, осы сықылды Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) Мұхаммед те илләһи бір қайнар көз. Бұл – уахидың құдіреті. Бұлақты жалпы Ислам шариғаты деп есептесек, арықтардан аққан суды мәзһабтар деп алсақ болады. Байқасақ, әрбір мәзһаб бұлақтың бір түсін біздерге жеткізуде және Ислам дінін дұрыс түсінуімізге көпір болуда. Яғни Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) ханафи, шафиғи, малики не болмаса ханбали мәзөабын ұстанған емес. Ол – барлық мәзһабтардың негізгі қайнар көзі. Шариғат үкімінің бастауы – иләһи бір бұлақ іспетті.

Екінші мысал: Бір жеміс ағашын ойлаңыз. Бұл жеміс ағашының төрт бұтағында төрт түрлі жеміс бар. Бір бұтағында алма, бір бұтағында жүзім, бір бұтағында құрма, бір бұтағында өрік өсіп тұр делік. Біреу келіп, бұл керемет ағашқа қарап: «Бұл қандай жеміс ағашы?» деп сұраса, не деп жауап береміз.

Егер «алма ағашы» десек, ағаштың басқа бұтағында өсіп тұрған жүзім, құрма және өрікті жоққа шығарған боламыз. Ал «жүзім ағашы» десек, ағаштың басқа бұтағында өсіп тұрған жемістерді жоққа шығарамыз.

Сұрақтың ең дұрыс жауабы: Бұл жеміс ағашы  иләһи күшті бойына сіңірген ерекше ағаш. Өсірген жемісінің атымен аталмайтын жеміс ағашы. Бұл ағаш барлық жемісті бойына сіңірген, әр алуан жемісті төгіп өсіре алатын иләһи құдіреті бар ағаш. Мінеки, осы секілді әбстік болмаса былай айтуға болады: Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) да иләһи бір жеміс ағашы. Бұл ағаштың төрт бұтағы – төрт мәзһаб. Әр бұтағында пайғамбардан өрілген түрлі жемісі бар. Яғни пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) ханафи, шафиғи, малики не болмаса ханбали мәзһабын ұстанған емес, бүкіл мәзһабтарды өз деңгейінде жетілдірген нұрлы «жеміс ағашы!»

Үшінші мысал: Күннің жеті түсін көрген бір надан: «Күн жасыл ма? Қызыл ма? Көк пе? Не болмаса басқа түсті ме?»- деп сұрақ қойса, не деп жауап береміз?

«Күн жасыл»десек, жасыле емс; «қызыл» десек, қызыл емес; «көк» десек, көк емес; не болмаса басқа қандай да бір түсті айтсаңыз да, Күн ол түсті емес.

Олай болса, дұрысы қайсы дейтін болсақ, Күн бұл барлық түстерді қамтыған нұрлы жаратылыс. Бұл түстердің барлығы Күннің өзінен тарайды.

Міне, осы секілді пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) те осы нұрлы Күн секілді. Төрт мәзһабтың әрқайсысы осы Күннің бір-бір түсі. Бұл иләһи бір күнді бір түспен ғана шектеп қоюға болмайды. Бұл күн барлық түсті өзімен алып жүруге күші жететін – иләһи құдірет. Ұқсатар болсақ, Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) не ханафи, не шариғи, не малики не болмаса ханбали мәзһабын ұстанған емес, ол Күннің нұрындай, әлемдердің рақымы – Мұхаммед (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын).

материал «Мәзһабсызбен сұхбат» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: