25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Сенім тұрғысынан адамдардың дәрежелері

Сенім тұрғысынан адамдардың дәрежелері

Ақида
Жарнама

Пенденің сенім тұрғысынан дәрежелері болады. Құранда Жаратушыға иман ету мен иман келтірмеу тұрғысынан адамдардың діни дәрежесі әртүрлі болатындығы анық түрде баян етілген.

1. Мұсылман

Аллаға, Оның Елшісіне және ислам дінінің әкелген барлық діни үкімдеріне күмәнсіз, сенімді түрде иман етіп, ислам дінінен басқа дінді қабыл етпеген кісіге мумин, не мұсылман дейміз. Жүрегінде иманы болып дүниеден өткен момын пенделерге Алла о дүниеде сый ретінде жәннәттан орын беретіндігін көптеген аятта айтып өтеді. Мумин пенделер көзге көрінбеген нәрселерге сенеді.

Мұсылмандардың барар жері жайында аятта былай дейді: ''Расында иман келтіріп, ізгі іс істегендер үшін Фирдаус жәннәты қонақ үй болады. Олар онда мәңгі қалады да өздері одан ауысуды қаламайды ''(18.Кәһф-107).

Муминдер Аллаға және дінге шынайы сенгендіктері үшін еш күмәнсыз ақыретте астынан өзендер аққан Алланың суреттеуге тіл жетпес жәннәтына барады. Себебі, бұл Алланың муминдерге берген уәдесі екендігі мына аятта: ’’Раббыларынан қорыққандар үшін астарынан өзендер ағатын қабат-қабат салынған сарайлары бар. Бұл Алланың уәдесі. Алла уәдесінен таймайды’’ (39.Зумәр-20)- деп бекітіледі.

2. Бұзақы

Күнәһар – Алланың әмірлеріне қарсы әрекет ететін, пасық, жаман мінезді, жамандық жасауды әдетке айналдырған мұсылман кісі. Фиқһ іліміндегі пасық сөзінің терминдік мағынасы былай болып келеді: “Аллаға мойынсұнуды тәрк еткен және Оған қарсы келген, үлкен күнә істеуден тайынбаған, кіші күнә жасауды әдетке айналдырып, тура жолдан шыққан кісі пасық деп аталады”.

Шариғат үкімі бойынша пасық әрекеттің үш дәрежесі бар:

1.Күнәнің жаман екендігін біле тұра, кейде күнә істеу.

2.Бір күнәні әдейілеп жасау.

3.Бір амалдың арам әрі күнә екендігін біліп тұра күнә істеу.

Үшінші дәрежесі жасалған кезде адам  қарсы шығушы болады. Бұзақы кісі мұндай дәрежеге келмейінше, әһлі сүннет сенімі бойынша мұсылман деп аталады.

Құранда бұзақыға байланысты аяттарда бұзақылықтың қандай жағдайларда болатындығы айтылады: «Хаж белгілі айлар. Кім ол айларда ихрам байланып міндеттенсе, хаж кезінде әйелге жақындасу, күнә істеу және жанжал жоқ» (2.Бақара-197).

«Алланың аты айтылмай бауыздалған мал жемеңдер. Оны жеу күдіксіз арам болады» (6.Әнғам-121) .

«Бұзақы» атауы күнә жасаушы мұсылман пендеге берілген есім болғанымен, кейде қарсы келумен бірдей мағынаға да келеді. 

3. Дінге және билікке қарсы шығушы

Аси – Алланың бұйырған әмірлерін орындамаған, Алланың үкімдеріне қарсы шыққан күнәһар мұсылман.

4. Серік қосушы және серік қосудың түрлері

 Алла Тағаланың жалғыздығына, теңі мен ұқсасы жоқ екеніне қарамастан серік қосушы кісіге «мүшрік» деп атаймыз.

Аллаға серік қосудың бірнеше түрі болады:

а) Екі құдай қабыл етумен серік қосу

б) Алла құдайлардан тұрады деп серік қосу. Алла Тағаланың бір екендігіне сенгенімен, Алланы бірнеше құдайлардан тұрады дейтіндер.

в) Дәнекер қою арқылы серік қосу

д)Табиғат заңдылықтарын негізге алумен серік қосу.

Әлемдегі әртүрлі заңдылықтардың Алла тарапынан жаратылмағандығын, керісінше, өздігінен кездейсоқтық нәтижесінде жаратылғандығына сенгендерді ”табиғат заңдылықтарын негізге алумен серік қосу’’ дейміз.

5. Ислам дінінен басқа дінге өтуші

Муртәд – ислам дінін қабыл етіп, мұсылман болғанымен кейіннен кейбір себептерге байланысты басқа бір дінге өткен кісі.

Муртәд кісі ислам заңдылығы мен тәртібі бойынша тәубе етіп, қайта дінге кіруге шақырылады. Бірнеше рет үгіт-насихат айтып, жасаған әрекетінің дұрыс еместігі үшін тәубеге келуге үгіттеледі. Егер тәубе етіп, қайта кәлимә шаһадат келтірсе, әлбетте, Алла оның тәубесін қабыл қылып, өткен күнәсін кешіреді.

6. Қабыл етпеуші және қабыл етпеудің түрлері

Аллаға және пайғамбарларына сенбеген діннің әмір мен тыйымдарына қарсы келген, жаратылыс ақиқатын мойындамаған кісіге қарсы келуші атауын береді.

Күпірдің мынадай түрлері болады:

а) Түбегейлі қабыл етпеу

б) Біле тұра қабыл етпеу

в) Қырсықтықтан туындаған күпірлік

г) Екі жүзділіктен туындаған күпірлік

7. Екіжүзділік

Имансыз бола тұра, мұсылман секілді көріну үшін тілімен иман еткен кісіге  «екіжүзді» дейді.

материал «Ислам ақидасы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: