26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Ұйқы әдебі және дұға ету

Ұйқы әдебі және дұға ету

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Хузәйфа (р.а.):

«Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ұйқыға жатқанда қолын жастанып: «Уа, Алла тағалам, Сенің атыңмен көз жұмып, Сенің атыңмен қайта тірілемін», – деп дұға жасайтын. Ал оянғанда: «Бізге кіші өлімнің дәмін таттырған соң қайта тірілткен Алла тағалаға шүкіршілік пен мадақ айтамыз! Соңында (ақырет таңы атқанда қабірдегі өлім ұйқысынан оянып) бәріміз де Аллаға қайтамыз», – деп дұға ететін еді», – деген. (Бұхари, дағауат 7).

Жәбир ибн Сәмура (р.а.): «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) таң намазын оқып болған соң, күн тас төбеге көтерілгенше, мешітте малдас құрып отырып (дұға жасап, зікір айтып, сахабалардың көрген түстерін жорып немесе басқа да маңызды тақырыптар төңірегінде әңгіме қозғайтынды)», – деп айтты (Әбу Дәуіт, әдәб 26). 

материал “Хадистер жинағы” кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: