26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Пайғамбарымыздан (с.ғ.с) жеткен таңғы зікірлер

Пайғамбарымыздан (с.ғ.с) жеткен таңғы зікірлер

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Күнделікті өмірде таңертең оқылып, әдетке айнал-дыруымыз қажет зікірлер жайында сөз қозғамақпыз. Себебі ол бақытқа кенелуге, адамдардан және жындар-дан болған шайтандардан сақтануға және таң атқаннан күн  батқанша  пенденің  қорғалуына  себеп  болады. Пайғамбарымыздан (с.а.с.) жеткен сол зікірлер:

1.  «Біз күн батырдық және бүкіл мүлік Аллаға тән болып күн батырды. Барлық мақтау-мадақтар Аллаға лайық, Алладан басқа ешбір тәңір жоқ. Ол жалғыз әріcәулесіоның серігі жоқ. Билік Оған тән, әрі мақтау-мадақ Оған лайық, Оның күш-құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді. Уа,Раббым! Мен сенен осы түнгі және одан кейінгі жақсылықты сұраймын, әрі осы түнгі және одан кейінгі жамандықтардан сақтауыңды тілеймін. Уа, Раббым! Мен жалқаулықтан әрі жаман (халде) қартаюдан Өзіңе сыйынамын. Уа,Раббым! Тозақ аза-бынан және қабір азабынан Өзіңе сыйынамын».

2.  Хадисте: «Уа,көмес пен көрнеуді Білуші, көктер мен жердің Жаратушысы, барлық нәрселердің Раб-бы әрі патшасы Алла! Сенен басқа ешбір тәңір жоқ екендігіне куәлік беремін және өз нәпсімнің кесірінен әрі шайтанның жамандығы мен тұзағынан Өзіңе сыйына-мын. Әрі өзіме немесе басқа бір мұсылманға жамандық жасап қоюдан Өзіңе сыйынамын».

3. «Алланың  атымен,  Ол  сондай  Алла,  Оның есімімен (болғанымызда) көктер мен жердегі ешбір нәрсе (бізге) зиян тигізе алмайды» – 3 рет.

4. «Уа, Алла! Расында сен Алласың, Сенен басқа ешбір  тәңір  жоқ.  Сен  жалғызсың,  Сенің  серігің жоқ. Шын мәнінде Мұхаммед, (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын!) Сенің құлың әрі елшің екендігіне осы  таңда  Өзіңді  куә  етемін  және  ғаршыңды көтеріп тұрушыларды, періштелеріңді және бүкіл мақұлықтарыңды куә етемін» – 4 рет.

5.  «Уа, Алла! Біліп тұрып Саған серік қосудан Өзің сақтай гөр! Білмегендерім үшін де Сенен жарылқау тілеймін!» – 3 рет.

6. «Біз Ислам аясында, ықылас сөзіне сәйкес әрі пайғамбарымыз Мұхаммедтің әкелген діні бойын-ша, сондай-ақ атамыз Ибраһимның үмбетіне таңcәулесіатырдық. Ол (Ибраһим) нағыз мұсылман еді. Ол мүшріктерден емес еді» – 3 рет.

7. «Алла тағалаға жаратқандарының санындай, разылығының мөлшеріндей, тағының салмағындай, сөздерінің көлеміндей дәріптеу мен мадақ болсын!» – 3 рет.

8. «Алланы жаратушы деп, Исламды дін деп, Мұхаммедті  пайғамбар  деп  өз  ризашылығымды білдірдім» – 3 рет.

9. «Алланың толық сөздерімен Оның жаратқан мақұлықтарының кесірінен Оған сыйынамын!» – 3 рет.

10.  «Уа, Алла! Сенімен (Сенің көмегіңмен) таң атырдық және Сенімен кеш батырдық. Сенімен өмір сүреміз әрі Сенімен көз жұмамыз және қайтар жеріміз Сен жақ».

11.   «Алладан басқа ешбір тәңір жоқ. Ол жалғыз әрі Оның серігі жоқ. (Бүкіл) мүлік Оған тән, (барлық) мақтау-мадақ Оған лайық. Әрі Оның күш-құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді» – 100 рет.

материал  «Үміт сәулесі» кітабынан алынды,

ummet.kz

 

Бөлісу: