26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Пайғамбардың (с.ғ.с) алып жүрген жеті нәрсесі

Пайғамбардың (с.ғ.с) алып жүрген жеті нәрсесі

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір аршын ұзындықта немесе одан да біраз ұзын бір михжəні бар болатын. Михжəн деп ұшы иілген таяқты айтады. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Хажəрул əсуадті алыстан сонымен ишарат етіп көрсететін.

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) түйеге мінген кезде оны алдына асып алатын. Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Уржун» деп аталатын бір мыхсаррасы (асасы) да бар болатын. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Бақиулғарқадқа барғанда оны алып жүретін, оған сүйеніп отыратын, қолында айналдырып жүретін. Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) осы мыхсарраны ұстап тұрып хұтба айтқан кездері де болған.

Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тау ағашынан жасалған Мəмшук деп аталған шыбығы да бар еді.

Хазреті Осман пайғамбарымыздың шыбығын алып, мінберде хұтба айтқан кезде Жахжах бин Саид немесе Жахжах бин Қайс хазреті Османның қолынан шыбықты алып, тізесімен бүгіп, сындырады. Халық Жахжахқа айқайлайды. Хазреті Осман мінберден түсіп, үйіне кетеді.

Осыдан кейін Алла Жахжахтың қолына немесе тізесіне қышыма ауруын жібереді. Жахжах хазреті Осман шəһид болғаннан кейін бір жылға жетпестен қышымадан өледі.

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзімен бірге тарақ, айна, мисуак, гүл майы, сүрме жəне қайшы алып жүретін, оларды сапарда, қауіпті жерлерде де үнемі алып жүрді.

Хазреті Айша: «Соғыстарға Расулулланың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) гүл майын, тарағын, айнасын, екі қайшысын, сүрме салғышын жəне мисуагын дайындайтынмын» деген.

Сондай-ақ, хазреті Айша: «Сапарда жəне қауіпті жағдайда Расулулла жеті нəрсені: 1. Гүл майы шынысы, 2. тарағы, 3. айнасы, 4. сүрме салғыш, 5. мисуагы, 6. екі қайшысы, 7. шаш бөлетін сүйегін қасынан тастамайтын» деген.

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) күніне сақалын екі рет тарайтын. Əнəс бин Малик: «Расулулла жиі-жиі шашына гүл майын жағатын, сақалын сумен тарайтын» дейді.

материал “Хазреті Мұхаммед алейһиссаламның өмірі” кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: