27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

«Алланың құзырында бағалысың»

«Алланың құзырында бағалысың»

Ислам тарихы

Зәһир есімді бір бәдәуи кісі болатын. Даладан Мәдинаға келуге әдеттеніп алған еді. Ұсқыны көріксіз болса да, жүрегі балдай тұнық еді.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) оны жақсы көріп, кейде онымен әзілдесетін. Бірде Пайғамбарымыз (с.ғ.с) оның арқасынан келіп құшақтап алады да: – Кім құл сатып алады? - деп әзілдеп айқайлайды. – Мен – өтімсіз құлмын! - дейді Зәһир.

– Бірақ Алланың құзырында бағалысың! - деп жауап береді Пайғамбарымыз (с.ғ.с).

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) үнемі ой үстінде жүретін, уайымға шомып кететін кісі еді. Сөйте тұра, басқалардың да қабағын аңдумен болып, көңілді жүрулеріне себеп болғысы келетін. Ол кісі ерекше жар, мейірімді әке, жақсы көрші, шынайы дос бола білді.

Міне, Зәһирмен қалай әзілдескенін де көрдің. «Алланың құзырында бағалысың» деген бір ауыз сөзіне назар аудар. Адамдардың арасында кім екендігің емес, Алланың құзырында кім екендігің – маңызды. Адамдар сені танымаса да қол жайып дұға еткенде періштелер:

– Уа, Алла! Таныс адамның таныс даусы! - деп шыр-пыр болады екен...

материал Аслан Орақбаевтың «Компас» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: