01
Жұма,
Қараша

һижри

Әрбір адамның хақысын табыстап үйрен

Әрбір адамның хақысын табыстап үйрен

Ислам тарихы

Әрбір адамның хаққысын табыстап үйрен! Мейлі бала болсын, әйел болсын...

Әрбір сәтің қалай өтіп жатқанына көңіл бөл! Уақытыңды ең пайдалы істермен өткіз! Әрбір деміңді, сәтіңді тиімді, пайдалы іспен өткізуге тырыс!

Қияметте жүзіңе қуаныш сыйлайтын ізгі істермен сандығыңды толтыра бер: Ей пенде дүниесімен алданған Үмітінің ұзақтығы алдаған Өлім аяқ асты келеді. Қабір – амал сандығы. Бір іс істегелі жатсаң – соңына қара. Сабыр ету жеңіл болады. Өзіңде жалқаулық сезсең – қабірге бар.

Өміріңді, күндеріңді жүйеле. Ақшаңды орнымен жұмсап үйрен. Алдағы уақытта адамдарға алқан жайып қалмас үшін... Себебі ақшаны орынды жарату – шариғаттың көздеген мақсаты. Бала-шағаңа мал қалдырып кеткенің артық, сен дүниеден өткенде – өзгелерге алақан жаймас үшін...

материал «Балама насихат» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: