Алла Тағалаға жақын болуға 4 нәрсе кедергі болады:
1. Шайтан
2. Нәпсі
3. Дүние
4. Адамдар
1. Шайтанның азғыруынан Алладан шынайы ықыласпен пана сұрау арқылы және қарсы шығу арқылы құтыламыз.
2. Нәпсіні ақылға бағындыру арқылы тоқтатамыз. Яғни нәпсінің әр қалауын орындай бермейміз.
3. Дүниеге деген ашкөздіктен (зуһдпен) тәрк етумен емделеміз. Ол шамасы келетін адамға қатысты. Дүниесі онсыз да жоқ, оны тәрк еттім дегені зуһдқа жатпайды.
4. Адамдармен араласуды азайту арқылы емделеміз. Бұл әрине егер оған адамдармен араласу күнәға баруына себеп болса ғана. Ал жалпы адамдармен араласып, оларға сабыр етіп өмір сүру, оңашаланып өмір сүруден қайырлы. (Бұл үлкен тақырып және әр адам жағдайына қарай жеке қаралады) Тафсир ибн Жузай.
материал Олжас Ханафиннің «Ілімге ғашық адам» кітабынан алынды,
ummet.kz