25
Сәрсенбі,
Қыркүйек

һижри

Қазақы тыйымдар: Кісіге қарап есінеме, керілме

Қазақы тыйымдар: Кісіге қарап есінеме, керілме

Ислам тарихы

Тыйым сөздердің барлығы адамды тек жақсылыққа бағыттайды. Адамның іс-қимылы, тұрысының өзі келісті, жарасымды болуы тыйым тәрбиесімен астасып жатады.

Мысалы, кісіге қарап есінеу, керілу – ең алдымен, көргенсіздік. Екіншіден, қасындағы адамға кесірің тиеді. Қарсы алдыңдағы адамға қарап есінеп не керілгенде ол лезде юойкүйезденіп мазасы кете бастайды, денесі құрыстап есінеп, керілгісі келеді. Өйткені есінеген не керілгеннің бойынан таралатын өзіндік қуат күші жанындағы кісіге беріледі. Әрине, әр адамның энергиясы әртүрлі. Сонда да бұл – жағымсыз әдет, сондықтан тыйым. Кісі отырған жерде амалсыздан есінеуге тура келсе, қолдың сыртымен ауызды қалқалаған жөн.

материал «Күретамыр» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: