25
Сәрсенбі,
Қыркүйек

һижри

Исламның негізгі тірегі үшеу: ілім, амал, ықылас

Исламның негізгі тірегі үшеу: ілім, амал, ықылас

Ислам тарихы

Алла Тағалаға мойынсұнбағанға «пасық» (жаман адам) делінеді. Басқалардың мойынсұнбауына, пасықтықтың жайылуына себепші болғанға «фажир» делінеді. Харам істеп жүргені елге мәлім болған пасықты жақсы көрмеу керек. Бидғатты, яғни қате сенімдерді халық арасына жаюға тырысатындармен дінді үйренуге кедергі болатындарды жақсы көру, күнә болады.

Хадис шәрифте: «Пасықтың пасықтығына тосқауыл болуға шамасы жете тұра, ешкім тосқауыл болмаса, тоқтатпаса, Алла Тағала бұлардың барлығын, дүниеде және ахиретте азаптайды» делінді. Омар бин Абдулазиз (р.а) былай дейді: «Алла Тағала бір адам күнә істегені үшін, басқаларды азаптамаса да, ашық күнә істегенді көргендер оны тоқтатпаса, барлығын азаптайды».

Алла Тағала, Юша пайғамбарға “алейһиссалату уәсәлләм”: «Қауымыңнан қырық мың салих адамды және алпыс мың пасық адамды азаптаймын!» деп уахи етті. «Я, Раббым! Пасықтарды азаптауыңды түсінемін. Салихтерді азаптауыңның себебі не?» дегенде. «Менің ашуланғандарыма, олар ашуланбады. Олармен араласып, бірге ішіп-жеді» деп бұйырды. Малына, жанына, балаларына және мұсылмандарға зиян келетін, яғни фитнаға себеп болатын уақытта, бидғатшыларға және залымдарға әмри маруф айту қажет болмайды. Ашық күнә істейтін пасықтарды тек жүрекпен жаман көру жеткілікті. Жылы және жұмсақ сөздермен насихат айту қажет болады.

Бір адам, әрі ғибадат жасап, әрі пасықтық жасаса, ол кісіге көбірек істеген ісінің есімі беріледі. Екеуі бірдей болса, ғибадаты жағынан жақсы көріледі. Пасықтығы жағынан жақсы көрілмейді. Басқалардың да пасықтық жасауына себеп болған адам, үкімет қызметкерлері тарапынан тоқтатылады.

Алла Тағаланың сүйікті құлы болу мақсатында исламға сай өмір сүретін және бір мүршидті жақсы көретін кісіге «Салих» (жақсы адам) делінеді. Осындай Алла Тағаланың сүйікті құлы бола алған адамға «әулие» делінеді. Басқалардың да осыған жетуі үшін еңбектенген әулиеге «мүршид» делінеді. «Исламның негізгі тірегі үшеу: ілім, амал, ықылас.» Ислам ілімдері екіге бөлінеді. Діни білімдер және жаратылыстану (дүниелік) білімдер.

Дін бұзушы реформисттер дін білімдеріне «схоластикалық білімдер», жаратылыстану білімдеріне «рационалды білімдер» дейді. Діни білімдер, ағаштан алмұрт түскені сияқты, адамның басына бір жерден түсе қалмайды. Шынайы мүршидтің сөздерінен, халдерінен, әрекеттерінен және әһли сүннет ғалымдарының «илмихал» кітаптарынан үйреніледі. Қиямет жақындағанда, ешбір жерде шынайы мүршид қалмайды, жаһил, өтірікші, пасық дін адамдары көбейеді. Олар Алла Тағаланың разылығы үшін емес, ақша, мансап және атақ үшін жұмыс істейді. Бұл дін ұрыларына алданбау, бақытқа жету үшін мәшһүр әһли сүннет ғалымдарының кітаптарын оқу керек. Заманымызда және әр уақытта күнәлардың ең зияндысы, діни білімдерді үйренуге тосқауыл болу. Зиянды ойындарға қарау, діни кітапты оқуға тосқауыл болады. Жастар дін кітабын оқымай діни сауатсызға айналуда. Дінсіз және имансыз болып өсуде. Мұсылман ата-аналар, балаларын осы пәлекеттен құтқаруы қажет. Сондықтан әһли сүннет ғалымдарының дұрыс кітаптарын үйіне әкеліп, балаларына оқытуы қажет. Ата-аналар балаларының алдындағы осы міндеттерін орындамаса, балалары кәпір болады, жаһаннамға түседі.

материал «Ислам ахлақы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: