25
Сәрсенбі,
Қыркүйек

һижри

Кісінің сыртқы келбетіне қарап алданбаңыздар!

Кісінің сыртқы келбетіне қарап алданбаңыздар!

Ислам тарихы

Үстінде бағалы киімі, жүзінен байсалдылық байқалған бір кісі имам Әбу Ханифа (Алла оны рақымына бөлесін) дәріс беріп отырған мешітке кіреді.

Киген киімін көрген кісі үлкен ғұламалардың бірі екен деп ойлайтындай екен. Ол имам отырған мәжіліске келеді. Оны көрген имам Әбу Ханифа құрмет көрсетіп созып отырған аяғын жинап алады. Біраз уақыт өткен соң әлгі кісі былай деп сұрайды.

- «Уа, Әбу Ханифа! Ораза ұстаған жан аузын қашан ашады?”

- «Күн батқанда аузын ашады».

- «Күн түннің ортасына дейін батпай қойса қайтеді?»

Мұны естіген имам мәжілісте отырғандарға күлімсіреп: «Енді Әбу Ханифаға аяқ созуға болады екен» деп айтыпты.

Түйін: Кісінің сыртқы келбетіне қарап алданбаңыздар! Ішкі жан дүниесіне, біліміне назар салыңыздар. Себебі түптеп келгенде соның пайдасы тиеді.

материал «Бауыржан Әлиұлының жазбалары» жинағынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: