25
Сәрсенбі,
Қыркүйек

һижри

Тәһәжжудқа тұрғанда «Әли Имранның» соңғы он аятын оқу – сүннет

Тәһәжжудқа тұрғанда «Әли Имранның» соңғы он аятын оқу – сүннет

Ислам тарихы

Ибн Аббастың (Алла оған разы болсын) азат етілген құлы Икриманың сөзінен Абдулла ибн Аббастың (Алла екеуіне де разы болсын) бір күні Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әйелі, өзінің анасының әпкесі болған Маймунаның үйінде түнеуге қалғаны жеткізіледі.

[Абдуллаһ ибн Аббас]: «Мен төсекке көлденең жаттым, ал Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әйелімен бірге төсекке тігінен жатты. Және Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) шамамен түн ортасына дейін ұйықтап, сосын оянып, орнына отырды да, ұйқысын сейілту үшін көзін уқалай бастады. Сосын ол «Әли Имран» сүресінің соңғы он аятын оқып, [төбеге] ілінген ескі бөрдекке жақындап, тиісті түрде дәрет алып, намазға тұрды» (Әл-Бұхари, 183).

материал «Ұмытылған 40 сүннет» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: