01
Жұма,
Қараша

һижри

Алла Тағаладан шынайы ұялудың көрінісі

Алла Тағаладан шынайы ұялудың көрінісі

Ислам тарихы

Ұятты Алла Тағаладан ұялу және адамдардан ұялу - деп бөліп қарастыруға болады.

Абдулла ибн Масғұд былай деген: «Алла елшісі (саллаллаһу әлейһи уәсәлләм): «Алла Тағаладан шынайы түрде ұялыңдар» деді.

Сонда біз: «Уа Расулалла! Аллаға шүкір расында біз Алла тағаладан ұяламыз» дедік. Сонда Пайғамбарымыз (саллаллаһу әлейһи уәсәлләм): «Мен ол ұятты айтпаймын, Алла тағаладан шынайы түрде ұялу ол басыңды және оның қамтыған ағзаларын сақтандыруың. Асқазан мен оның айналасындағы ағзаларды сақтандыруың. Өлім мен жоқ болуды есіңде ұстауың, кім де кім ақыретті қалаған болса, онда мына дүниенің әдемілігін тәрк етеді. Осы айтылғандарды жасаған адам ол Алладан шынайы түрде ұялған болады», деді.

материал «Қазақ салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарының ислам шариғатымен үйлесімі»

кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: