25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қажылықтың ең абзалы қандай?

Қажылықтың ең абзалы қандай?

Қажылық

Әбу Бәкір әс-Сыддық (р.а.) былай дейді: «Расулалладан (с.а.с.): «Қажылықтың ең абзалы қандай?» – деп сұралды». Сонда ол (с.а.с.): «Дауыстап тәлбия айтып, құрбан шалу арқылы орындалған қажылық» деп жауап берді».

Расулалладан (с.а.с.) қажылық қалай орындалса ең абзалы болатыны жайлы сұралған еді. Расулалла: «ашық дауыспен тәлбия келтіріп, мүмкіндігінше көп тәлбия келтіріп және құрбан шалынған қажылық» деп жауап берген. Тәлбиялардың мүмкіндігінше көп айтылуы, қажылық сәтінде уақыттың бос өтпейтініне, ең сауапты зікірмен толтырылатынына дәлел болады. Тәлбияның аздығы, зікірдің аздығына, одан да жаманы күнәлі сөздер айтып қажылық уақытының босқа өткендігіне дәлел болады.

Тәлбияның дауыстап айтылуы қажылық тәртібіне бағыну болмақ. Әлбетте, қажылық ережесіне сай дауыстап айтылған тәлбиялар, іштей айтылғаннан абзал болады. Қан ағызуға келетін болсақ, қажылықта міндетті түрде құрбан шалу шарт емес. Ифрад қажылығындағыдай құрбан шалмастан қажылықты кемшіліксіз орындауға болады. Қиран қажылық немесе Тәматтуғ қажылықта шалынатын құрбан – шүкірлік құрбаны. Мүмкіндік болмаған жағдайда оны он күндік ораза арқылы өтеуге болады.

Ханафи мазһабы бойынша ең абзал қажылық құрбан шалуды уәжіп ететін қиран қажылығы. Олай болса, Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) осы қажылықтың абзалдығын айтып жатыр.

Хадистің тағы да Тирмизидің тәпсір бөлімінде келген басқа бір нұсқасында мына қосымша бар: «Басқа бір кісі тұрып: «Уа, Расулалла, бұған қандай жол бар?» деп сұрады. Сонда мына жауапты алды: «Азық және көлік».

материал «Сүннет энциклопендиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: