25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Ұмра қажылығының үлкен қажылықтан айырмашылығы

Ұмра қажылығының үлкен қажылықтан айырмашылығы

Қажылық

Ұмраның парызы екеу: ихрам және тауап.

Уәжіптері де екеу: Сафа мен Маруа арасында жүру және шашын алу не қысқарту. Ұмра жасау үшін миқаттан бастап ихрам киюі керек. Ғұсыл не дәрет алып, екі рәкағат нәпіл намаз оқиды. Сосын « Я, Алла! Мен ұмра жасауға ниет еттім. Қабыл ал!» деп ұмраға ниет етеді. Сонан соң қажылықта айтылатын тәлбия дұғасын айтады. Тәлбияны айтумен ихрам жағдайына өтеді. Меккеге кірген соң ұмраның жеті тауабын айналады. Сонан соң Сафа мен Маруа тауларының арасында жүгіреді. Мұнан соң шашын алады не қысқартады. Осылайша ұмраны орындаған болып есептеліп, ихрам жағдайынан шығады.

Ұмра қажылығында Арафатта тұру, Мұздалифада түнеу, Минада құрбан шалу сияқты ғибадаттар мен бірге құдум және қоштасу тауаптары орындалмайды. Үлкен қажылықта керісінше осы аталмыш ғибадаттармен қоса Ұмрада орындалатын құлшылықтардың барлығы да жасалады.

материал «Күнделікті діни сауалдарға жауаптар» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: