25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Бір барғанда екі бөлек Умра қажылығын атқара аламын ба?

Бір барғанда екі бөлек Умра қажылығын атқара аламын ба?

Қажылық

Біреудің атынан да Умра қажылығын жасағысы келетін мұсылман бір барғанда екі бөлек Умра қажылығын жасай алады. Бірі – өзінің атынан. Екіншісі – жақынының атынан.

Мысалы, әуелі өзі үшін ниет етіп ихрам киеді де, Умра қажылығын жол-жоралғыларын өтеп алады, сосын шашының ұшынан екі сантиметр көлеміндей қысқартып, ихрамнан шығады. Одан соң, қайта «харам» аумағынан шығып, Айша анамыздың (р.а) мешіті орналасқан «Тәнъим» деген жерден, басқа бір жақынының атынан Умра қажылығын өтемекке ниет етіп, ихрам киелі. Сосын әдеттегідей Умраның жол-жоралғыларын орындайды. Басқаның атынан Умраға ниет етерде: «Ләббәйкаллаһумма биъумратин ъан...» деп адамның есімін айтсаңыз болады немесе іштей «пәлен адамның (мысалы әкемнің т.б.) атынан ұмраға құлшылығын орындамаққа ниет еттім» десе де ниеті жарайды. Бұл – бір жолы. 

Екінші жолы, егер бір барғанда екінші рет Умра жасауға мүмкіндігі болмаған кісі, өзінің атынан жасаған Умра қажылығының сауабын жақындарымен де бөлісе алады. Мысалы, ихрам киерде өзінің атынан ниет етіп, артынан Умра жол-жоралғыларын атқарғаннан соң «оның сауабын пәлен, пәлен адамдарға бағыштадым» деп, сауабын бөліссе де қате емес. Сауабы бағыштаған адамдарына жазылады, өзінен де кемімейді. Әлхамдулләһи Раббиль аләмин!

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: