Жәннат есігінің алдында төрт кісі тұр екен. Олардан жәннатқа кім бірінші кіруге лайық екенін анықтау керек болыпты.
Олардың бірі – мұсылманның бес парызын түгел өтеген кісі, екіншісі – шейіт, үшіншісі – ғалым, төртіншісі – зекет берген кісі екен.
Әуелі, бес парызды өтеушіден:
– Саған жаннатқа лайық амалдарды жасау керек екенін кім айтты? – деп сұрапты.
– Маған Исламның барлық бес парызын – иман келтіру, намаз оқу, ораза ұстау, зекет беру және қажылықты орындау арқылы жәннатқа баратынымды ғалым айтты, – депті ол.
– Маған да Алла Тағала Құран арқылы түсірген хақ дін – Исламның жолында соғысқа шығып, сонда өліп кетсем, жәннатқа баратынымды айтқан ғалым, – депті шейіт.
Сонда ғалымнан:
– Сен мұның бәрін қайдан білдің? – деп сұрапты.
– Мен алыс елге барып оқып, іздендім. Ал менің оқып, білім алуыма, ізденуіме жағдай жасаған, қаржыландырған зекет беруші, – депті ғалым.
Содан бәрінен де зекет берушінің еңбегі артық жоғарғы дәрежеге бағаланып, Жәннатқа бірінші кіруге лайық деп табылыпты.
материал «Зекет» кітабынан алынды,
ummet.kz