25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Зекеттің парыздығын қабылдамаған адам діннен шыға ма?

Зекеттің парыздығын қабылдамаған адам діннен шыға ма?

Зекет

Исламның негізгі бес тірегінің бірі Зекет ғибадаты Һижраның екінші жылы рамазан оразасынан кейін шәууәл айында парыз болды.

Қасиетті Құрандағы: «Намаз оқыңдар, зекет беріңдер» («Бақара» сүресі, 34, 83-аяттар), «Олардың күнәларынан тазаланып, малдары көбейіп берекеттенуі үшін олардың (мұсылмандардың) малдарынан садақа (зекет) ал» («Тәубе» сүресі, 103-аят), «Шын мәнінде, садақалар (зекеттер) кедей-кепшіктерге, түгі жоқ міскіндерге, зекетті жинауға тағайындалған адамдарға, көңілдері жібітілуі мақсат етілгендерге (жаңа мұсылмандарға т.б.), құлдарды азат етуге, қарызға батқандарға, Алла жолына және қиналған жолаушыларға берілуі Алла тарапынан парыз етілді», – деген («Тәубе» сүресі, 60-аят) аяттары зекеттің парыздығына дәлел болады.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ислам бес негізге құрылған: Алладан басқа құдай жоқ екеніне және Мұхаммед Алланың құлы әрі Елшісі екеніне куәлік ету, намаз оқу, зекет беру, рамазан оразасын ұстау және шамасы келсе, қажылыққа бару», – дейді (Бұхари).

Барлық Исламның ғұлама-мүжтаһидтері зекет ғибадатының парыз екеніне бірауыздан келіскен. Тіпті сахабалар: «Зекетті бермейміз дегендерге қарсы соғыс ашу керек» деген пікір айтқан. Кімде-кім зекет ғибадатының парыздығын қабылдамаса, діннен шығады. Ал парыздығын қабылдап орындамаса, күнәһар болады.

материал «Оразаға қатысты 200 сұрақ» кітабынан алынды,

ummet.kz

 

Бөлісу: