25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Рамазанда жолаушы сапардан оралған күні не істеуге міндетті?

Рамазанда жолаушы сапардан оралған күні не істеуге міндетті?

Ораза

Жолаушы өзінің тұрғылықты тұратын жеріне оралғанда немесе бір қалада 15 күн тұрақтануды ниет етсе, ораза ұстауға міндетті. 

Егер жолаушы сапардан үйіне күннің жартысынан бұрын (яғни бесіннен шамамен бір немесе бір жарым сағат аралықта) қайтып, оразаға (еш нәрсе жемеген болса) ниет етсе, оразасы дұрыс болады. Ал бесіннен кейінгі уақыт аралығында келсе, онда адамдардың айыптауынан аулақ болу үшін күн батқанша еш нәрсе жемейді. Себебі айып тағылатын нәрседен аулақ болу, сақтану – уәжіп[1]. Рамазан айынан кейін сол күннің қазасын өтейді.

[1] «Әл-Ихтияр», 1/421.

материал «Рамазан оразасына қатысты пәтуалар» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: