25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Ораза ұстамаған адам тарауық намазын оқи ала ма?

Ораза ұстамаған адам тарауық намазын оқи ала ма?

Ораза

Тарауық намазы сүннет болып саналады. Оны оқымаған адам үлкен сауаптан құр қалады.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):  «Расында, Алла Тағаланың осы дүние күндеріңде көптеген сыйларды беріп қойған (сауап істеуге мүмкіндіктер берген). Оны пайдаланыңдар. Сендердің бірің ол берілген сыйдың біріне сай келсеңдер, одан кейін мүлдем бақытсыздыққа ұшырамауларың мүмкін»[1], – дейді.

Тағы бір хадисте: «Кімде-кім Рамазанда сауабын үміт ете отырып, Алла разылығы үшін тарауық намазын оқыса, оның өткен күнәлары кешіріледі»[2], – деген.

Сондықтан тарауық намазын ораза ұстауға шамасы келген адам да, шамасы келмегенде оқи береді. Тарауықты тек ораза ұстаған адамдар ғана оқиды деген шарт жоқ. Дегенмен оразаны ешбір себепсіз ұстамау – үлкен күнә.

[1] Табарани, №2865.

[2] Бұхари, №37. Муслим, №759.

материал «Рамазан оразасына қатысты пәтуалар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: