25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Үй ішіне сурет ілуге бола ма?

Үй ішіне сурет ілуге бола ма?

Сұрақ-Жауап

Ескерткіш мүсін кейпінде жасалмаса, қағаз, шүберек, тақтай секілді заттарға салынған суреттер жөнінде бұлардың халал немесе харам екендігіне қатысты нақтылы хадистер жоқ. Алайда суреттің тақырыбына, сурет иесінің мақсаты мен ниетіне және колданылған орны мен тұрған жеріне қарай Ислам ғұламалары түрлі үкімдер жасаған.

- Киелі мәні бар немесе табынатын нәрселердің суретін салу, оны ілу харам;

- Ислам әдебіне жат, жалаңаш тәнді суреттерді салу және ілу де харам;

- Жанды тіршілік иелерінің суреттерін салу және қолдану мүбаһ. Ибн Аббас (р.а.) бір суретшіге сурет салуға қатысты тыйым салынғандығын айтқаннан кейін: «Сурет салмасам болмайды дейтін болсаң онда рухы жоқ (адам бейнесінен тыс) заттардың суретін сал»,[1] - деп ескерту жасаған.

Жанды тіршілік иелеріне келер болсақ, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұларды құптамаған. Бұдан шығар қорытынды мынадай: суреттер қандай да бір діни тағзым немесе табынуға арналмаса рұқсат бар. Бұл жерде ең маңызды мәселе – таухидтің қорғалуы. Тахауидің мына айтқандары да ойымызды қуаттай түседі: «Бізге жеткен хадистерде киімнің үстіндегі суреттер тыйым салынган әрі шектен тыс екендігін аңғартуда. Тыйым салынган суреттерге христиандардың шіркеу қабырғаларына салған немесе кенепке салып қабырғаға ілген суреттері жатады»[2].

Сондай-ақ, адам немесе жан-жануардың суреті бар киіммен намаз оқу немесе мұндай матаға сәжде ету – мәкрүһ. Бірақ, мұндай киімнің үстін басқа киіммен жауып оқыса, ештеңе етпейді. Егер бөлме ішінде намаз оқыған адамның төбесінде, алдында, оңы мен солында жанды нәрселердің суреті тұрса, бұл да мәкрүһ болып саналады. Бірақ мүшелері жай қарағанда көрінбейтін кішкене бір суреттің оқасы жоқ. Төлқұжат, куәлік, ақша сияқты нәрселердегі суреттер қалта секілді жабық жерде болса, ештеңе етпейді.

Ислам дінінің суретке қатысты ұстанымынан түсінеріміз, ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) әуел баста таухидті санаға жақсылап сіңіру мақсатында сурет мәселесінде өте қатал ұстанымы болғанымен кейін келе зияны жоқ суреттерғе рұқсат берген[3].

Ummet.kz


[1] Тахауи, Шәрхү-Мааниил Асар, Каир, 1968, 4-т., 282-288

[2] Тахауи, 4-т., 282-288.

[3] Хайреддин Караман, 54.

Бөлісу: