25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қаза мен нәпіл оразаға қатар ниет етуге бола ма?

Қаза мен нәпіл оразаға қатар ниет етуге бола ма?

Сұрақ-Жауап

Сұрақ: Асслаумағалайкүм. Қасиетті Мұхаррам айында нәпіл мен қаза оразаны қатар ниет етіп ораза ұстаса, әрі қаза өтеледі, әрі нәпіл оразаның сауабы болады деп естідім. Осылай ораза ұстауға бола ма?

Жауап: Уағалайкүм әссәләм. Мұхаррам айындағы ораза ұстау сауапты екені рас. Алайда, қаза және нәпіл оразаны қатар ниет етіп ораза ұстау дұрыс болмайды.  Бұған байланысты fatua.kz сайтында осы мәселеге ұқсас, Рамазанның қазасы мен шәууәл оразасы жайында былай делінген:

«Рамазан айы оразасының қазасы да, шәууәл айының 6 күн оразасы да бір ниетпен емес, әрбірі жеке-жеке өтелуі керек. Себебі, оразаның әр күні өз алдына бір ғибадат. Сондықтан, әр күні үшін жеке ниет етілуі тиіс». Сонымен бірге  «нәпіл оразаны түске дейін ниет етуге болады. Ал рамазанның оразасы қаза болғандықтан, оны түннен бастап ниет ету шарт» екені де айтылған.

Ал, екі оразаны қатар ниет еткен жағдай туралы Имам Мұхаммед «бұл тәрізде ұсталған ораза нәпіл саналады» («Әл-фәтауа ат-тархания», 2/99) десе, имам Әбу Юсуф мұндай жағдайда тек қаза оразасы ғана есептеледі деген.

Ummet.kz

Бөлісу: