4 қыркүйек. АСТАНА. Ummet.kz - Қырғыз астанасында Орта Азиядағы үлкен мешіттердің бірі пайдалануға берілді, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.
Салтанатты ашылу рәсіміне Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған, Қырғыз елінің президенті Сооронбай Жээнбеков қатысқан.
Осман архитектурасы үлгісіндегі құлшылық үйінің құрылысы 2012 жылы басталған. Мешіттің жабық бөлігінің көлемі 7,5 мың шаршы метрді құрайды. Ішкі құлшылық залында 6 мың адамға шақталған. Ал жалпы мешіт аумағында 10 мыңнан астам адам бір мезгілде намаз оқи алады.
Сонымен қатар, мешіт кешенінде 500 көлікке арналған тұрақ, Құран оқу курстарына арналған бөлмелер, конференц залы, асхана және су бұрқағы бар. Ғибадат үйі Анкара қаласы Коджатепе ауданындағы мешітке ұқсас салынған.
Мешіт құрылысы Түркия Діни қорының қолдауымен жүргізілген. Жалпы, мешіт құрлысына 25 миллион доллар қаржы жұмсалған.