27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Туристердің ең сүйікті орындарының тізімін мешіттер бастап отыр

Туристердің ең сүйікті орындарының тізімін мешіттер бастап отыр

Жаһан
Жарнама

4 маусым. АСТАНА. Ummet.kz – TripAdvisor беделді туристік ресурсы жариялаған  Travellers’ Choice Awards рейтингінің көрсеткіші бойынша БАӘ-дегі Шейх Зайд мешіті мен Индиядағы Тадж-Махал мешіттері тізімнің бас жағында орын алған.

Сыйымдылығы 41 мың адамды қамтитын, әлемдегі ең үлкен мешіттердің бірі – Шейх Зайд мешіті тізімде үшінші орынды иеленген. Туристердің көзайымына айналған мешіт алдыңғы екі жыл қатарынан екінші орында тұрған болатын. Ал, аты аңызға айналған Тадж-Махал тізімде алтыншы орында тұр.  

1200px Taj Mahal 2012

Туристердің қызығушылығын тудырған көрнекті жерлердің тізімі жылда TripAdvisor платформасының сараптамасымен анықталады. Арнайы бағдарлама туристердің қалдырған пікірлерін есепке ала отырып тізім жасайды.  

Ал, жалпы алғашқы ондықтың тізімі төмендегідей:

Ангкор-Ват, Камбоджа

Испания алаңы, Севилья, Испания

Шейха Зайд мешіті, Абу-Даби, БАӘ

Әулие Петр шіркеуі, Ватикан

Мескита немесе Кордова мешіті, Андалусия, Испания

Тадж-Махал, Индия

Милан шіркеуі, Милан, Италия

Алькатрас аралы, Сан-Франциско, АҚШ

Алтын қақпа көпірі, Сан-Франциско, АҚШ

Венгр парламентінің ғимараты, Будапешт, Венгрия.

Бөлісу: