27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Ерекше Құран қолжазбалары көрмесі ашылды

Ерекше Құран қолжазбалары көрмесі ашылды

Жаһан
Жарнама

Үндістанда Құран Кәрімнің сирек кездесетін ерекше қолжазбалары көрмеге қойылды. 31 наурызға дейін жалғасатын көрме Нью-Дели қаласындағы Ұлттық музейде өтеді.

«Қасиетті Құран көшірмелерінің ерекше жиынтықтары» көрмесінде мамандар болжамынша 7 ғасырға тән көне Құран қолжазбалары қойылған. Музей мамандары бұл кітап Мұхаммед пайғамбардың туыс інісі әрі күйеу баласы, мұсылмандардың төртінші әмірі болған Әли бин Әбу Тәліп кезінде жануар терісінен жасалған материалға жазылған. Көрме жетекшісі доктор Насим Ахтар: «Бұл қолжазбалар әртүрлі каллиграфия мектептеріне тән, мәселен, Куфи, НАсх, Сульс, Райхан және Бихари. Кейбір қолжазбалар жетінші ғасырда жазылған, хазеріт Әли дәуіріне тән. Тағы бір қолжазба ұлы каллиграф Ибн Муклға тиесілі. Басқа қолжазбалар Моғолдық Үндістан каллиграфтарының туындысы. Бұл қолжазбалар Ұлттық музейдің құнды жиынтықтарының бір бөлігі саналады» деді.

kazislam.kz

Бөлісу: