27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Кез келген фильмнің «әдепсіз» тұстары қырқылатын болады

Кез келген фильмнің «әдепсіз» тұстары қырқылатын болады

Жаһан
Жарнама

Тәжікстан билігі ел азаматтарын көгілдір экран арқылы тәртіпке салмақ болып отыр. 

«Тәжікфильм» киностудиясының хабарлауынша, енді көк жәшіктен көрсетілетін шетелдік және отандық фильмдердің «әдепсіз» тұстары қырқып, көрсетпейтін болады.

Ал, фильмдегі «әдепсіз» сәттерді анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, телеарналар мен кинотеатрларда көрсетілетін кинолардың барлығын сараптамадан өткізетін болады.

Айта кетейік, бұған ұқсас тыйым көршілес қырғыз елінде де енгізілген болатын. «Кинематография саласын мемлекеттік қолдау туралы» заңынан енгізілген түзетуден кейін айырқалпақты ағайындардың елінде «жыныстық қатынас көріністері» бар фильмдер көрсетілмейтін болған еді.

http://muslim.kz

Бөлісу: