Біріккен араб әмірлігінде мұсылман әлеміне арналған валюта шығарылады. Бұл жайында OneGram финтех-компаниясы мәлімдеді.
Аталмыш «мұсылманша» валютаның артықшылығы оның алтыннан жасалуында болып отыр. Яғни, OneGramCoin бірлігі 1 грамм алтынға сәйкес келеді.
OneGram бас директоры Ибрагим Мохаммедтің айтуынша, компания әлемнің төрттен бір бөлігін қамтамасыз ететін алтынды электронды сақтауға күш салады. Қазір әлемде ислам дінін ұстанушылар көлемі дәл осындай.
Алтын валютаның алғашқы динары 21 майда шығарылмақ. Компания бір күннің ішінде 12 миллионнан аса токенді (12 тонна алтын) сатуды жоспарлайды.
ummet.kz-ақпарат