Қырғыз республикасында «all inclusive» туристік қызметін жыл бойына ұсынатын мұсылмандарға арналған туристік агенттік ашылады.
Аталмыш агенттік қызметін пайдаланушы ер және әйел адамдарға жекелеген коттедж пансионаттары беріледі, сонымен қатар халал сертификациясынан өткен ас-тағамдар ұсынылады.
«Шетелдіктердің қатарында мұсылмандардың көп екенін ескеру керек. Олар ислам дінін ұстануы себепті тиісті талап-шарттардың сақталғанын қалайды. Қырғызстан жыл бойына халал туристік қызмет ұсынуға әзір» деп хабарлады агенттік директоры Жақсылық Матанов.
ummet.kz-ақпарат