«Әл-Харам» мешітін кеңейту жөніндегі техникалық комитет он күннен кейін Қағбадағы уақытша көпір толығымен алынып, қажылардың еркін қозғалуына жол ашатын жаңа жоба іске қосылатынын хабарлады.
Комитет өкілі Ваэль аль-Халаби қазіргі уақытта «ақылды қоршау» инновациялық жобасының эскизі бойынша жұмыстар аяқталып қалғанын жеткізді.
«Ақылды қоршаулар» Үлкен мешіттің ішкі қозғалысына қызмет етеді. Бұл қажыларға қолайлылық тудырады» дейді аль-Халаби. Оның айтуынша жобаның негізгі идеясы ресми жоспарға сәйкес немесе кез келген тұстан қоршау қоюды ұсынады. «Ақылды қоршаулар» қажылардың денсаулығына зиян келтірмеу үшін арнайы жұмсақ материалдан дайындалады. Аталмыш жоба бойынша 200 инженер жұмыс істеуде.
ummet.kz-ақпарат