Индонезияда 41 жасар Ани Русиддин әлем бойынша ең ауыр салмақтағы сәбиді дүниеге әкелді.
Русиддин – екі бала тәрбиелеп отырған ана. Алайда, үшінші сәби бәрінен ерекше болып отыр. Дәрігерлер мұның мәнін ананың қант диабетімен ауыруынан деп болжайды.
Нәресте өте жылдам дамып, салмағы да өсе түсіп, дәрігерлердің жіті қадағалауын қажет еткен. Кесу әдісі арқылы дүние есігін ашқан сәбидің бойы 62 см, салмағы 9 кг-ға жуықтайды.
Айта кету керек, Индонезия әлем бойынша мұсылман халқы көп шоғырланған ел саналады. Халықтың 88 %-ы ислам дінін ұстанады, бұл шамамен 202 млн адам.
ummet.kz-ақпарат