Британ ұлттық ақпараттық корпорациясы (BBC) өз ішіндегі таратылатын өнімдерге зерттеу жүргізе келе, эфирден христиандық мазмұндағы бағдарламалар жиі берілетінін анықтады. Ал мұсылман халқымен байланыстыратын материалдар тіптен жеткіліксіз болып шықты, деп жазады The Telegraph.
Ішкі тексеріс нәтижесі бойынша BBC арнасының діни құрылым басшысы Ақыл Ахмед ұлттық телеарна басшылығына мұсылмандарға, индуситер мен сикхтерге көбірек эфирлік уақыт беру керектігін жеткізді.
Осыған байланысты мұсылман көшбасшылары арна эфирінде христиан шіркеулеріндегі құлшылық рәсімі көрсетілгендей, британ мешіттеріндегі жұма намазын таратуды ұсынды.
Қазіргі кезде ислам тақырыптарындағы бағдарламаларға эфирлік уақытты көбейту мәселесі корпорация басшылығының қарауына берілді.
ummet.kz-ақпарат