Ислам тарихындағы тұңғыш азаншының өмірін арқау еткен «Біләл» анимациялық фильмінің алғашқы көрсетілімі Канн фестивалінде 19 мамыр күні өтеді.
Естеріңізде болса, бұған дейін хабарлағанымыздай, эпикалық драма жұмысына режиссер әрі продюсері Айман Тарик Джамальмен бірге жоғары білікті 327 маман атсалысқан.
Туынды бюджеті 30 млн долларды құрайды. Фильм желісінде саңлақ сахабаның балалық шағы, жеті жасында құлдыққа жегілуі және басынан кешкен қиыншылықтары оның жігерін жанып, қайратты тұлғаға айналғаны баяндалады.
Эпикалық анимациялық драманың ресми трейлері
{youtube}QoMgdcqa11k{/youtube}
ummet.kz-ақпарат