27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

3D-қала тұрғызылады

Жаһан
Жарнама

2030 жылы қала ғимараттарының 25%-ы 3D-принтер арқылы тұрғызылады. Бұл туралы Дубай әмірлігі басшысы шейх Мұхаммед ибн Рашид әл-Мактум мәлімдеді.

Дубай әмірінің сөзіне сүйенсек, 3D-технологиясы тек құрылыс саласында ғана емес, медицина мен тұтынушылар тауары өндірісінде де кеңінен қолданылмақ.

Айта кету керек, корольдік билігінің жоспарына сәйкес, 2025 жылы 3D-технология нарығының құрылыс саласындағы құны 800 млн долларды құрайды.

Медициналық секторға тоқталсақ, 3D-технологиясы мұнда негізінен тіс протезін кигізу, сүйек пен өзге де органдарды алмастырушыларды орнатуға қолданылады. Сондай-ақ, 3D-технология арқылы хирургиялық саймандар, медициналық құралдар мен есту аппараттары әзірленеді.

Әл-Мактум жақын уақытта 3D-технологиясы Біріккен араб әмірлігіне қосымша миллиардтаған доллар табыс әкеліп, ел экономикасының мұнай бағасына тәуелділігін төмендетеді.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: