27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Ислам ғалымының дәрісінде дін қабылдады

Жаһан
Жарнама

Таяуда белгілі ислам ғұламасы Закир Найк Малайзияда өткен дәрістерінде  бірқатар тыңдаушылары ислам дінін қабылдауға ниет білдірді, деп жазады New Straits Times.

Закир Найк Куала-Лумпурдегі хоккей стадионында «Құран Алланың сөзі ме?» тақырыбында дәріс өтті. Сауал-жауап сессиясы барысында рухани сұранысына сай сұрақтар мен мәселелердің шешімін тапқан әйел қолын көтеріп, мұсылман болғысы келетінін айтты. Ол кәлима шахадатын айтып, исламды қабылдады.

Өзін Мишель деп таныстырған әйел ғалымның «Аллаға сеніп, Мұхаммедті пайғамбар деп куәлік етесің бе» деген сауал қойды. Әйел өз сенімін нықтап, кәлимасын айтты. Стадионға жиылған жұрт бұл сәтте үлкен қошемет көрсетті.

Сонымен қатар, осындай дәріс барысында бұрын сикхизм дінін ұстанған Үндістан азаматы Хариндер Пал Сингх те, оған дейін Малайзияның Саравак штаты 26 жасар тұрғыны Джоэль Анак Алонг те мұсылманшылықты қабылдаған еді. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: