27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Катар Қазақстанда мешіт салуға ұсыныс білдірді

Жаһан
Жарнама

Катар мемлекеті Қазақстанда мешіт салуға қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды E-Islam порталы.

Қазақстанның Катардағы елшісі Асқар Шоқыбаев пен Катар мемлекеті Ислам істері және уақф министрі Мубарак Әли әл-Кауаримен кездесуі барысында бірқатар ортақ мүдделерге қатысты мәселелер талқыланды.

Катар министрі Әли әл-Карауи Қазақстанның Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер съезін өткізу үрдісіне қолдау білдіріп, бұл шараға белсене атсалысатынын жеткізді.

Әли әл-Карауи өз сөзінде Қазақстанда арнайы сапар жасап, Қазақстан Республикасының ресми билік өкілдерімен, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы басшылығымен кездесіп, ынтымақтастық жөнінде өзекті мәселелерді талқылауға ниет білдірді. Әсіресе, министр Катар тарапынан Қазақстанда мешіт салу ісіне үлес қосу жайында атап өтті. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: