27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Қажыларға арналған жадынама шықты

Жаһан
Жарнама

Сауд Арабиясы Денсаулық сақтау министрлігі қажыларға арнайы жадынама шығарды.

Кітапшада тамақтану, дәрі-дәрмек қабылдау мен уақтылы тынығу, т.с.с. ұсыныстар айтылған.

Жадынама қажылық маусымында Эбола секілді қауіпті дерттің алдын алу мақсатында әзірленген. Денсаулық сақтау министрлігінің басты ұсыныстарының бірі дұрыс тамақтануға мән беру болып отыр. Әсіресе, қоғамдық тамақтану орнынан тыс жерде, санитарлық-гигиеналық нормалар сақталмаған, күмәнді жерлерде тамақтанудан сақтандырады. Барлық азық-түліктер тоңазытқыштарға сақталуы тиіс.

Диабетке шалдыққандар міндетті түрде қант, тәтті тағамдар алып жүруі керек. Көбірек су ішіп, тынығуды да ұмытпау керек.

Бүйрегі ауыратын адамдарға Мекке емханаларына алдын ала тіркеліп, қатаң диета сақтап, күн сәулесінен, ыстықтан мүмкіндігінше алыс жүру ұсынылады.

Жүрек талмасы, қан қысымы жоғары қажылар  тұзды, майлы астардан аулақ болғаны жөн. Сондай-ақ, қою кофе мен қызыл шай ішіп, физикалық күш түсуден сақтануы керек.

Бұдан бөлек, созылмалы ауруы бар қажылар топ жетекшілеріне бұл туралы хабар беріп, өзімен бірге медициналық карта көшірмесін алып жүруі тиіс. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: